Республикалық «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында салынған бұл маңызды пункт, баршамызды елең еткізбей қоймасы анық. Сонымен қатар «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.
Салтанатты жиынға қатысқан ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек құттықтау сөз сөйлеп, адам жанына арша түсер азаматтардың жұмысына табыс тіледі.

Жаңа бекеттің лентасын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек және ҚР құрметті депутаты, медицина саласының ардагері Жаңатас қалалық алқабилер кеңесінің төрағасы Сағынбек Бегеев салтанатты жағдайда қиды.
Сондай-ақ, барлық ауыл тұрғындарының атынан Тоғызкент ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төленді Еркінов сөз сөйлеп, осындай игі істерге ұйытқы болған Төтенше жағдайлар министрлігіне және облыс басшылығына алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




