Біреу білсе, біреу білмес. 1965 жылдың алғашқы айында Мойынқұм ауданы жаңадан құрылғанда бірінші хатшы болып Айтбай Назарбеков барса, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ретінде таңдау Қаратай Адамбаевқа түскен екен. Ауданның іргетасы қаланған күннен бастап бірінші хатшымен бірге жүріп, шөлейтті даланы байлық пен берекеге айналдырған кісінің бірі – Қаратай Әбдірахманұлы.
Құм ішіндегі бір ауданды а лғашқы басшысы ретінде жаңадан құрған кезде Айтбай Назарбеков 42 жаста болса, ауыл шаруашылығына қатысты барлық шаруаны сәтті жүзеге асырған Қаратай Адамбаев 36 жаста ғана болған екен. Республикалық «Жұлдыз» журналына 1977 жылы маусым айында Қаратай Әбдірахманұлының «Бетбақ дала байлығы» атты мақаласы жариялануы да – ол кісінің биік абыройы. Әйтпесе ол кезде т аралымы 200 мың данаға жуықтайтын «Жұлдыз» журналына мақала жариялау оңай іс емес болатын. Осы жазба барысынан-ақ Адамбаевтың Мойынқұм төскейін малға толтыру жолында төккен терінің қаншалықты көп екенін байқауға болады.
Аталған бұрышта Қаратай Әбдірахманұлының жеке құжаттары, марапаттары, жазбалары жеке заттары да қойылған. Әсіресе 1994-2003 жылдары облыстық мәслихаттың хатшысы болған Шорс Шарафутдиновтың қолынан алған Құрмет грамотасының орны бөлек. Ауыл шаруашылығы саласының дамуына ерекше үлес қосқан азаматқа қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Біз осы орайда қайраткердің қызы Зәуре Адамбаевамен хабарласқан едік. «Осыдан екі жылдай бұрын Мойынқұм ауданына барған кезімде аудандық музейді аралап көргенім бар. Сонда әкемнің бірде-бір еңбегі көрініс таппағанын байқадым. Өзімдегі материалдардың бәрін әкеліп берсем, бұрыш ашасыздар ма деп музей басшысына өтініш жасадым. Музей директоры Ләйла Қожагелдиева ұсынысымды қолдап, аз уақытта аудандық музейден бұрыш ашылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшылығыда ұсынысымды қолдады. Сондықтан әкемнің еңбегін бағалаған кісілерге алғысымды білдіргім келеді. Қазір Мойынқұм музейіндегі әкемнің музейіне жұрттың көңілі толады», – дейді ол.
«Біздің ауданда өздеріңіз білетіндей, әуелі елдің назарында Айтбай Назарбеков пен Жаз ата тұрады. Онан кейін есімі құрметпен аталатын кісі Қаратай Адамбаев. Бұйрат құмдардың арасында кеңшарлар құру, мал жайылымдары мен малшылар үйін ұйымдастыру ісінде ол кісінің сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Сондықтан бұрыш ашылғанына ерекше қуаныштымыз», – дейді аталған музей директоры Ләйла Шайбайқызы.
Есет ДОСАЛЫ
Мойынқұм ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




