«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Үш жылда 748 жұмыскердің құқығы қорғалды

Үш жылда 748 жұмыскердің құқығы қорғалды
Ашық дереккөз
Еліміздің үлкен саяси және тарихи маңызды оқиғасы Конституцияның 30 жылдық мерейтойы қарсаңында, «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Жамбыл көлік прокуратурасының ұйымдастыруымен Жамбыл облысы бойынша «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының ұжымының қатысуымен салтанатты жиын өткізілді.

Іс-шарада ЖАмбыл көлік прокурорының орынбасары Серік Сейітжанов сөз сөйлеп, соңғы 3 жыл ішінде атқарған жұмысына қысқаша шолу жасады. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, мемлекеттік-құқықтық құрылымдардың тұрақты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды құруда, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғам бірлігін сақтау мәселелерінде құқық қорғау жүйесінің маңызды институты ретінде прокуратураның рөліне тоқталды.

 – Прокуратураға әділдік іздеп, заң аясында көмек сұрап келетін тұрғындардың қарасы қалың. Олар көбіне құқықтарының бұзылғандығына, заңды мүдделерінің еленбегеніне шағымданады. Мәселен соңғы 3 жылда 748 жұмыскердің конституциялық құқықтары қорғалды, атап айтқанда, қадағалау қызметі арқылы 694 теміржолшының конституциялық құқықтары қорғалды.2024 жылы теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігінің заңдылығына жүргізілген талудау нәтижесінде  жолдың сапасыз күтімі, жұмыскерлердің конституциялық құқықтарының бұзылуы, дефектоскопиялық арба мен мобильді диагностикалық кешен мәліметтерінің тиісінше зерттелмеуі, жол дистанциясының техникалық жабдықт алуының жеткіліксіздігі және басқа да фактілері анықталды. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясына 2 қадағалау актісі енгізіліп, 21 жұмыскердің конституциялық құқықтары қорғалып, артық жұмыс істегені үшін 731 мың тенге төленді, теміржол кәсіпорнының 7 басшысы жауапкершілікке тартылды.2025 жылы 33 азаматтың конституциялық құқықы қорғалса, бизнесті қорғау бойынша мобильді топқа халықаралық тасымалдаушылардан 6 сигнал келіп түскен, талдау нәтижесімен Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің заңсыз төлем есептегені анықталған. Прокуратураның тексері нәтижесінде, 6 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Мұның баршасы еліміздің Конституциясында жазылған заңдардың күшімен реттелді. Конституция – еліміздің әр тұрғынының құқығын қорғайтын үлкен құжат, – деді Серік Ерғалиұлы. Мұнан соң Жамбыл көлік прокуратурасының прокуроры Ульфат Тоқтаева баяндама жасады.

– Бүгінгі таңда прокуратураға өтініш берудің халық үшін бірнеше тәсілі ұсынылып отыр. Қазір азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері өздерінің өтініштерін халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпочта» АҚ пошталық бөлімшелері, прокурордың блогы, Е-Өтініш немесе «Электронды Үкімет» порталдары немесе тікелей прокуратура органдары арқылы, оның ішінде прокурордың жеке қабылдауы кезінде бере алады. Бұл өтініш беру тәсілдерінің кейбірі халық үшін өте ыңғайлы әрі пайдалы, одан бұрын уақыт пен материалдық қажеттілікті үнемдеуде көмегі зор. Бірақ ең бастысы – азаматтардың құқығы бұзылған жағдайда жедел әрекет етуге, оларға қажетті ақпаратты тез әрі ыңғайлы түрде беруге жағдай жасайды. Кез келген адам, шынында да, үйден шықпай-ақ өзінің ақшасы мен уақытын үнемдей отырып, прокуратураға өтініш бере алады.Қазіргі таңда құқық қорғау органдары үш буынды модельге көшкен. Үш буынды модель барлық дамыған елдерде қолданылады. Осындай модель бойынша қылмыстық процеске полиция, прокуратура және сот сияқты үш буын жауап береді. Аталған құрылымдардың өкілеттіктері өзара нақты айқындалған.Полиция қылмыстарды және оған қатысы бар адамдарды анықтайды, дәлелдер жинайды. Прокурор Конституцияның 83-бабында көзделген конституциялық өкілеттіктері аясында жиналған дәлелдемелерге тәуелсіз баға береді, азаматтардың құқықтарын бұзудың жолын кеседі, адал азаматтарды қылмыстық процеске тартуға жол бермейді, сотта айыптауды қолдайды. Сот тергеу сатысының өзінде, соның ішінде прокурордың адам құқықтарын сақтауын бақылайды, ал қарау нәтижесі бойынша барлық дәлелдерді бағалап, түпкілікті үкім шығарады, – деді Ульфат Алиакпарқызы. Сондай-ақ, ол осы заңмен қорғалып жатқан игіліктің бәрі еліміздің Конституциясының күшімен жүзеге асып отырғанына маңыз берді.

Жиын барысында Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова заң қызметкерлерін және теміржолшыларды алда келе жатқан Конституция күнімен құттықтап, Ата Заңның арқасында жасалған игіліктерге тоқталды.

Басқосуды Жамбыл көлік прокурорының орынбасары Серік Сейітжанов қорытындылап, қонақтарға алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.

Есет ДОСАЛЫ

Ұқсас жаңалықтар