«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Балбалтас – баға жетпес қазына

Балбалтас – баға жетпес қазына
Автор
Кешегі күннің әр сәті тарихтың бір парағы. Сол құндылықтар сақталған мәдени ошақтың бірі – Жуалы аудандық тарихиөлкетану музейі. Осындағы балбал тастар еріксіз назар аудартады.

Түркі дәуірінің балбалтастары ежелгі Жібек жолының арнасы сияқты негізгі жол тораптарына қойылған. Олар Тараздан батыс бағытқа қарай Күйік асуының аузындағы Шауғар қалашығы, одан Теріс өзенінің жағасындағы Баркубе (Баркуаб) қалашығы арқылы жүріп, ортағасырлық Шақпақ қа лашығы арқылы Тамтаджға өткен (оңтүстікке қарай) тау етектен орналасқан. Осы жолдардың арнасына қойылған балбалтастардың бірнешеуі музейде сақталған. Бұл туралы аталған музейдің ғылыми қызметкері Дәулетжан Байдалиевтің айтары көп. «Ортағасырлық Баркубе (Баркуаб) қалашығының ежелгі Түркістан қаласына Шаян арқылы өтетін қосымша және бір Жібек жолының тармағы болған дейді тарихшылар. Ол жол Күйіктің батыс жағындағы Мыңқырқа арқылы жүріп отырып Шаянға, одан ары асып Түркістанға тірелген. Осы жол сілемінің бойынан үш бірдей балбалтас табылды. 1-ші балбалтас «Құрама» аталатын шаруа қожалығының жерінен табылған және қазіргі таңда музейдің археологиялық залында көрмеге қойылған. Ол балбалтас жер өңдеу кезінде анықталған.

Сол бағыттағы екінші балбалтасты бұрынғы Кеңес, қазіргі Ертай ауылының солтүстік шығысындағы «Бозқайқаң» аталатын жерден Бәйтіков атындағы мектептің оқу бітіруші түлектері тауып, мектепке алып келіп тапсырған. Бұл балбалтастың ерекшелігі, ол қызыл берік тастан қашалып жасалған. Жасалу формасы барлық балбалтастарға ұқсас болғанымен, мойындағы және қолындағы қошқармүйіз оюлы алқалары өзгешелеу. Балбалтастың биіктігі 8 5 сантиметрді құрайды. Басы сынған, оны музей мамандары реставрациялап , бүгінде археология залынан орын алып тұр. Археологтардың айтуы бойынша, бұл балбалтас басқа балбалтастарға қарағанда өте құнды делінеді. Музейдегі балбалтастың және біреуі Қаратас ауылы тұрғынының ауласына орнатып қойған жерінен алынды . Себебі , балбал тас тарих үшін бағалы. Олар өткен тарихымыздағы түркі заманының V- V I I ғасырларға тиесілі баға жетпес қазыналары болып табылады», – дейді ол.

Жуалы аудандық өлкетану музейінде көне түркі жәдігерлерінің бесеуі сақталған. Сондай-ақ бір балбалтас ежелгі Құлансай қалашығына жақын «Жетітөбе» аймағынан табылып отыр. Ол балбалтас соңына дейін қашалып бітпеген. Қабыршықты көктастан жасалғандықтан оның сапасы басқа балбалтасқа қарағанда төмендеу. Алайда мұның барлығы тарих үшін үлкен олжа.

 

Есет ДОСАЛЫ,

Жуалы ауданы

Ұқсас жаңалықтар