Жол саласындағы жобалар «Цифрлық теңге» арқылы жүзеге асады
- author «Ақ жол»
- 26 тамыз, 2025
- 733
– Автожолдарға келетін болсақ, біз Павлодар мен Атырауда екі жоба бойынша осындай пилоттық жобаны бастадық. Қазірдің өзінде баға айырмашылығын сезініп отырмыз. Біз автожолдар бойынша барлық жобаларды цифрлық теңге арқылы жүзеге асыратын боламыз. Осындай бақылаудың арқасында ақша мақсатсыз жұмсалмайтын болады, – деп атап өтті министр.
Спикер осы жүйенің арқасында қаражатты аударудың барлық процесі ашық және бақылау оңай болатынын түсіндірді. Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп мұның бәрі қатаң бақыланады.
«Цифрлық теңге» дегеніміз, бұл – үлкен бағдарлама. Премьер-министр тиісті жиын өткізіп, тапсырма берді. Пилоттық бағдарлама іске қосылды. Жол картасы бойынша мерзімдер белгіленді. Біз құрылыс жұмыстары цифрлық теңге арқылы жүзеге асырылуы тиіс деген шарт қоямыз. Бұл басқа жерге ақы төлеуге мүмкіндік бермейтін жүз пайыз ашықтықты қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев.
Бүгінде елімізде тасымал және инфрақұрылым саласындағы стартаптар дамып келеді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында хабарлады. Министрдің айтуынша, бұл стартаптар арқылы жүктерді бақылау сервистері, келісімшарт жұмыстарын басқару жүйелері, тасымалдарды автоматтандыру және вагон паркін басқару платформалары жас ап шығарылуда.
Спикер, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан негізгі і шешімдердің бірі – тасымалдарды автоматтандыру платформасы екенін айтты. Ол вагондарды басқарады, жүктемені жоспарлау мен болжауды автоматтандырады. Платформа бос жүрісті 10 пайызға азайтып, вагон айналымын 15 пайызға арттырады. Аталмыш жүйе ірі тасымал компанияларында енгізілген.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Әлемдік трансформация көлеңкесіндегі Қазақстан экономикасының болашағы
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




