– Биыл аймақта 8,2 мың гектарға картоп дақылы отырғызылып, 2024 жылмен салыстырғанда 1,6 мың гектарға артты. Мәселен, картоп алқабы Байзақ ауданында – 451, Жамбылда – 297, Жуалыда 2554 гектарға жетсе, Қордай ауданында ол 2678 гектарға ұлғайған. Ал Меркіде – 529, Мойынқұмда – 31, Т.Рысқұловта – 501, Сарысуда – 14, Таласта – 105, ал Шуда 803 гектарды құрап отыр. Бүгінгі күні 2,3 мың гектардан 58,8 мың тонна картоп жиналып, орташа өнімділігі 248,1 центнерді құрады. Ал Жуалы ауданында 25 гектар алқаптан 625 тонна өнім жиналып, орташа өнімділігі 250 центнерден айналуда, – дейді Тұңғыш Тынысбекұлы.
Бүгінгі күні картоп қазуға кіріскен қожалықтың бірі – «Анар» шаруа қожалығы. Оның жетекшісі Жарасбек Молдақұлов осы дақылды 25 жылдан бері баптап, өсіріп келеді екен. Биылғы қожалықтың картоп алқабы көп болмаса да, шығымы жақсы. Жалпы алаңы төрт гектарға жуықтайтын алқапқа картоптың «Кроне» және «Бермина» тұқымдары отырғызылған. Павлодар облысынан осында жеткізіліп, жерсіндірілген асханалық картоп тұқымының ерекшелігі – дәмінде. Бұрыңғы картоптардан өзгешелігі сақталуы мен түсінің тауарлы болуы, яғни сырты жылтыр сарғыш келеді. Өткен жұмада жиын-терін жұмыстарына кіріскен шаруашылық басшылығы картоп алқабынан түсіп жатқан өнімнің жақсы екенін айтты. Бірақ әлі әрбір гектардан жиналатын өнімнің орташа центнерін шығармағандықтан, нақты санды жариялай алмайтындығын да аңғартты.
– Картоп алқабы ауылдың бірнеше жерінде орналасқан. Оған арнайы сулы әрі құнарлы жерлер таңдап алынған. Жиын-терін науқанын енді ғана бастадық. Өнімділік жылдағыдан төмен болмайды деп үміттенеміз. Картоп алқабының күтіп-бапталуы да биыл ойдағыдай болды. Тұқымды орналастырғаннан бастап тиісті күтім жасау жұмыстары тұрақты жүргізіліп келді. Алқаптың уақытылы ылғалдандырылуы мен минералды тыңайтқыштың уақытылы берілуіне көңіл тиісті деңгейде бөлінді. Өнімнің өзіміз ойлағандай жақсы болғанына картоп қазу жұмыстары кезінде көзіміз жетті. Гектарына шамамен орта есеппен екі жүз центнердің үстінде айналады деген болжам бар. Жаз бойы алқап басында отбасы мүшелерімен бірге тер төктік. Енді, міне, бұйырғанын шашпай, төкпей жинап алуға кірістік. Терімші әйелдердің дені көрші ауылдан. Оларға күндігіне еңбекақы төленеді, – дейді қожалық жетекшісі.
Құрылғанына отыз жылға жуықтаған шаруашылық картоп баптаудан бөлек, егін және мал шаруашылығымен айналысады. Қорасында бордақылап отырған мүйізді ірі қара мен жылқылары бар. Бұдан бөлек, бие байлап, қымыз өндірісін де қолға алған.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




