Нұрбақыт Әмірханұлы бастаған бұл аймақтық ақ халаттылар бір-бірінен өткен адал, жауапкершілігі мол, кәсіби біліктілігі жоғары жандар. Үшеуі кәдімгі қазақтың «Үштағаны» сияқты сезіледі маған. Жүздері жылы, алдарына науқастанып бара қалсақ, жүректерінің ыстық лебі сыртқа сезіліп тұрады. Осы ақ халаттыларды әр көрген сайын «Дәрігер – Жаратқанның жердегі мейірімі» деген сөздің растығына көзім еріксіз жете береді. Мен олардың әр науқасқа деген ерекше жанашыр көңілі мен ілтипатына тәнтімін. Әрдайым жылы сөзбен дем беріп, науқастарға қамқорлық танытып жүрген еңбектеріңіз шынайы құрметке әбден лайық.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! Халықтың алғысына бөлене беріңіздер!
Гүлсара БАЙДАНОВА,
Тараз қаласының тұрғыны.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




