2025 жылдың алғашқы жартысында орталық бірлік пен өзара түсіністікті, жастардың тәрбиесін және дүнген халқының мәдениетін насихаттау бағытында ауқымды жұмыстар атқарды. Аналар кеңесінің бастамасымен ерте жүктіліктің және суицидтің алдын алу мақсатында дөңгелек үстелдер мен жастармен кездесулер ұйымдастырылды. Мұндай шаралар жас ұрпақтың өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, олардың бойында жауапкершілік пен өзара сыйластық сезімін арттыруға ықпал етті.
Сонымен қатар ауыл жастары мен мекеме қызметкерлері бірігіп 500-ге жуық ағаш отырғызып, туған жердің экологиялық жағдайын жақсартуға атсалысты.
Достық пен бірлік – халықты қай кезде де біріктіретін, сын сағатта дем беретін ең асыл қасиеттердің бірі. Әр ұлт пен ұлыстың өкілі бір-біріне құрметпен қарап, қолдау көрсеткенде ғана қоғамда өзара сенім қалыптасады. Мұндай ортада әр азамат өзін қауіпсіз сезініп, елдің дамуына үлес қосуға ұмтылады. Сондықтан да достық пен ынтымақ – мәңгілік ел болудың берік іргетасы.
Дүнген этномәдени орталығы алдағы уақытта да татулық пен өзара құрметті насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді жалғастыра бермек. Өйткені ел ішінде бірлік болса – еңсесі биік, келешегі кемел мемлекет құруға болады. Халық даналығында айтылғандай: “Бірлік бар жерде – тірлік бар”.
Туншанло Амине Ясыровна,
Масанчи ауылдық дүнген этномәдени бірлестігінің төрайымы, аудандық мәслихат депутаты
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




