Гвардиялық гарнизонда кір жуу комбинатының ашылу салтанатына Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров келіп қатысты. Ол Астанадан осы оқиғаның маңыздылығын атап көрсету үшін арнайы келді. Мәртебелі мейман өз сөзінде мұндай нысанның пайдалануға берілуі тек инфрақұрылымдық жаңару ғана емес, әскери қызметшілерді қолдаудағы жүйенің жақсаруы екендігін тілге тиек етті. Салтанатты сәтке орай салада он жылдан астам уақыт жұмыс істеген кір жуу комбинатының үздік қызметкерлеріне грамоталар табыстап, құрмет көрсетті.
Соңғы уақытқа дейін гвардиялық гарнизонда бірнеше жыл бұрын салынған екі кір жуатын комбинат жұмыс істеп келді. Олардың моральдық және техникалық тұрғыдан ескірген жабдықтары, тар бөлмелері және жиі істен шығатын құрал-саймандары көптеген қиындықтар туғызғандығы белгілі. Міне, енді соның бәрі артта қалып, әскери қызметшілер жаңа кір жуғыш машиналармен, кептіргіш және үтіктеу қондырғыларымен жабдықталған заманауи кешенге ие болып отыр.
Кір жуу комбинаты гвардиялық гарнизонның барлық әскери бөлімдерінің әскери қызметшілерінің төсекорындарын, киім-кешектерін және басқа да заттай мүліктерін жууды қамтамасыз ететін болады. Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров «таза киім мен жуылған форманың» майда-шүйде, ұсақ-түйек емес, сарбазға жайлылық сыйлай отырып, оның көңіл-күйін көтеретін, соған сай қызметтің нәтижесін жақсартатын дүние екендігіне сенімді. Демек тұрмыстық жағдайға жасалған қамқорлық – жауынгерлік дайындықты жақсартуға жасалған қамқорлық.
Кір жуу комбинатының ашылуы гарнизондағы өмірді жақсарту бойынша атқарылатын ауқымды жұмыстардың бір бөлігі ғана. Мұндағы орын алған сауапты іс әскери басшылықтың назарынан шалғай аймақтарда қызмет етіп жүрген сарбаздар мен офицерлердің мұң-мұқт аждықт ары тыс қалмайтындығын көрсетеді. Ал заманауи казармалар, жаңа асханалар, жақсарған инфрақұрылым – мұның бәрі жеке құрамның моральдық және жауынгерлік рухына тікелей әсер етеді.
– Қолбасшылық тек жауынгерлік даярлыққа ғана емес, тұрмысқа да назар аударған кезде, қызмет міндет екендігінен бөлек мақтануға тұрарлық іс ретінде қабылданатын болады, – деп атап өтті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ибраев кір жуу комбинатының салтанатты ашылу рәсімінде.
Тазалық – жауынгерлік рухтың кепілі. «Таза киімнен жауынгерлік дайындыққа дейін» – мұндай жетістік формуласы қазір гвардия гарнизонында енгізілуде. Жаңа кір жуатын орын тек таза киім мәселесі емес. Ол тұрмыстық жағдайдан басталып, жауынгерлік рухпен аяқталатын тізбек. Таза, ұқыпты сарбаз – жақсы көңіл-күйі, қуаты және жауынгерлік жаттығуларды орындауға дайындығы бар сарбаз. Ендеше, жаңа кір жуатын комбинат дегеніміз – адамдарға қамқорлық жасауды қарастыратын әскери қызметшілердің өмір сүру деңгейін көтеруді көздейтін маңызды шара.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




