Бүгінгі таңда Қарақыстақ ауылдық округіндегі тау шатқалында «Қарақыстақ» су электр стансасы жұмыс істеуде. Стансаның жобалық қуаты 2,3 мегаватты құрайды. Станса директоры Нұрдос Қалдыбалинның айтуынша, станса 2013 жылы іске қосылған. Оның жобалық құны – 1 миллиард 007,9 миллион теңге. 2013 жылдың 14 маусымында ашылған станса сағатына 2300 киловатт электр энергиясын өндіруде.
– Табиғат көздері – жел, күн мен су энергиясынан алынатын қуат көзін пайдалану арқылы әлемнің дамыған елдері дербес экономиканы қалыптастыруға көшкен. Мәселен, Оңтүстік Корея ішкі жалпы өнімнің үш пайызын немесе 60 миллиард АҚШ долларын «жасыл» сектордың дамуына бөледі. Сонымен қатар АҚШ «жасыл экономиканы» дамытудың негізгі бағыты ретінде баламалы энергияны жетілдіру жолын таңдады. Бұл тұрғыда біздің мемлекет те 2013 жылдан «жасыл экономикаға» өте бастады. «Қарақыстақ» су электр стансасы сол кездегі «жасыл экономиканың» алғашқы қарлығашы десе де болады, – деді ол.
Елімізде «жасыл экономиканы» өркендетуге мүмкіндік мол. Оған әлдеқайда тиімді әрі қолжетімді ұланбайтақ жер мен климаттық жағдай қолайлылық туғызады.
«Әлемдік тәжірибеге сүйеніп жасалған 2013 жылғы «Жасыл» экономикаға» көшу тұжырымдамасына сәйкес бүгінде облысымызда түрлі жобалар кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда. Біздің алдымызда алдағы уақытта судан алынатын энергия көзін арттыру жоспары тұр. Біз тұжырымдама аясында жүктелген міндеттерді орындау арқылы экологиялық өнімнің үлесін арттыратын боламыз», деп жоспарымен бөліскен серіктестік директоры, судан өндірілетін мегаватт көлемін арттырмақ ниетте. Бүгінгі таңда стансада 15 адам жұмыс істеуде. Судан өндірілген өнім КЕGОГ-тың біртұтас энергия жүйесіне берілуде.
Марат ҚҰЛИБАЕВ,
Т.Рысқұлов ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Әлемдік трансформация көлеңкесіндегі Қазақстан экономикасының болашағы
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




