«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мақсат – еңбек адамының оң имиджін қалыптастыру

Мақсат – еңбек адамының оң имиджін қалыптастыру
Ашық дереккөз
Қоғамда алдыңғы толқынның белсенділігімен де талай құнды бағыттар жүзеге асып жатыр. Оның ішінде шоқтығы биік бағыттың бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің бастамасымен жүзеге асырылып отырған «КӘСІПday» жобасы. Бұл бастама – халқымыздың ежелден қастерлеген адал еңбек пен адал табыс құндылықтарын дәріптеуге бағытталған игі қадам.

Қоғамда алдыңғы толқынның белсенділігімен де талай құнды бағыттар жүзеге асып жатыр. Оның ішінде шоқтығы биік бағыттың бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің бастамасымен жүзеге асырылып отырған «КӘСІПday» жобасы. Бұл бастама – халқымыздың ежелден қастерлеген адал еңбек пен адал табыс құндылықтарын дәріптеуге бағытталған игі қадам.

Облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен аталған «КӘСІПday» жобасының ашылу рәсімі өтті. Жиынға облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдыинновациялық дамыту, білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары және бөлімдері, кәсіпкерлер, қарапайым еңбек адамдары, облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің өкілдері, ЭМБ өкілдері, өңірлік «Ассамблея жастары», қоғамдық бірлестік өкілдері, студент жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жобаның салтанатты ашылу рәсімінде облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Мүбарак Жинақбаева сөз сөйлеп, кәсіптің қоғамдағы рөліне ерекше тоқталып өтті. «КӘСІПday» жобасының басты мақсаты – еңбек адамының жағымды имиджін қалыптастыру, жас буынға кәсіби бағдар беру, олардың бойына адалдық, еңбекқорлық, отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру.

Адал еңбек – елдің тұғыры, берекенің бастауы екіндігі белгілі. Сондықтан бұл жоба жас ұрпақты тек мамандыққа ғана емес, ең алдымен адамгершілікке, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне білуге баулиды. Осы игі бастамаға қолдау көрсеткен барлық серіктестерге алғысымды білдіремін. «КӘСІПday» жобасы жастардың болашағына жаңа мүмкіндіктер ашып, өңіріміздегі бірлік пен ынтымақты нығайта түсетініне сеніміміз мол. Бірлесіп атқаратын жаңа жобаға сәттілік тілеймін!», – деді Мүбарак Қасымқызы. Іс-шараны өзге ұлт өкілдері Риналь Рахматуллин мен Дионисий Пляшешник қазақ және ресми тілде жүргізді. Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Асқарбек Сейілханов жастарды кәсіпке баулудың маңыздылығына, жасөспірімдер тәрбиесіне терең тоқталды. Мұнан соң экраннан «КӘСІПday» жобасының тұсаукесер рәсімі көрсетілді. Жобаның негізгі мақсаттары таныстырылды. Ол жобалар аясында «Қол өнерім – мол өнер», «Әке көрген» шеберлік сыныптары мен «Еңбек түбі – береке» сынып сағаты да бар. Келесі кезекте облысымыздағы кәсіпкерлік саласының жетістіктері туралы облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалдыинновациялық дамыту басқармасы өнеркәсіп бөлімінің басшысы Талғат Шалдарбеков баяндады. Талғат Базарбайұлының айтуынша, кәсіпкерлік саласына өңіріміздегі өзге ұлт өкілдерінің де қосып отырған үлесі қомақты.

Мұнан соң сөз алған «Таразкожобувь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Шамұхтар Шаянусов, «Сәуле» кондитерлік фабрикасының маркетинг және PR бөлімінің басшысы Екатерина Вескина, «RANO KOMFORT SERVICE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Рано Шадыханова өз салалары бойынша жұмыстың тиімді тәсілдерін тілге тиек етті. «Avero» матрас фабрикасы басшысының көмекшісі Дулат Маратұлының кәсіпкерлік жайлы ұсыныстары көпшіліктің көңілінен шықты. Мұнан соң еңбек адамы Ильяс Ешенқұлов ортаға шақырылып, ол кісіге құрмет көрсетілді.

«Қадірлі жастар! Елдің болашағы– сендер. Қазақ елінің келешегі кемелді. Сендердің алдарыңда да ұзақ жол жатыр. Жас толқынға әрдайым сәттілік тілеймін. Жастар – болашақтың бұла күші. Өзіміз де жас болдық. Сол заманның жүйесі мен тәртібіне сай өмір сүрдік. Белсенді болдық. Қоғамдық істерге араластық. Одан жаман болған жоқпыз. Ал бүгінгі жастарға ақ жол, табыс тілеймін. Ассамблея жастары, сендердің де белсенділіктерің арта берсін. Жастар – еңбектің адамдары. Әрқашан жастардың жолы болсын», – деді Ильяс Ешенқұлов.

Жиынның соңына қарай танымал өнер шебері, Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының күйшісі Дидар Басқараев «Әлқиса», «Баламишка» күйлерін нақышына келтіріп орындады. Біз осы жиында өзге ұлт өкілдерінің жұмысқа шын берілгенін, адалдықты жақтайтынын аңғардық.

 Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Ұлттар достығы – ұлы достық

Есет ДОСАЛЫ

 

Ұқсас жаңалықтар