Тараз қаласының әкімдігі тарапынан 11 тамызда Қ.Рысқұлбеков саябағында ерекше қажеттіліктері бар азаматтар арасында шахмат және дойбы жарыстары, 12 тамызда Құмшағал алқабындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенде тоғызқұмалақтан ашық қалалық турнир, 13 тамызда Құмшағал алқабындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жасөспірімдер арасында кіші-футболдан қалалық турнир, 14 тамызда Құмшағал алқабындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде қыздар арасында қалалық волейбол турнирі, 13-14 тамызда «Айбек Арена» футбол алаңында ардагерлер арасында кіші-футболдан ашық қалалық турнир, 15 тамызда Қазыбек би көшесі, 143 мекенжайында орналасқан №4 кіші-футбол алаңында жасөспірімдер арасында спорттық эстафета, 15-17 тамызда Тараз қаласының 10 округіндегі кіші-футбол алаңдарында спорттық бұқаралық іс - шаралар, 16 тамызда Құмшағал алқабындағы дене шынықтырусауықтыру кешенінде Тараз қаласында бұқаралық спортты дамытуға және спорттық жастар тәрбиесіне үлес қосқан спорт саласы қызметкерлерін, сондай-ақ спорттық ісшаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты ұйымдастырылды. Тараз қаласында спортты дамытуға қосқан зор үлесі, қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихатт ағаны үшін, халықты жүйелі түрде дене шынықтыруға және спортпен айналысуға тартқаны үшін Тараз қаласы әкімінің Алғыс хатымен, қалалық мәслихаттың Алғыс хатымен бірқатар азаматтар марапатталды.
Спорт күні кәсіби мерекесіне арналған қыздар арасындағы қалалық волейбол турнирінің қорытындысы бойынша ІІІ орын «Балалар жасөспірімдер дене даярлығы клубы» командасына, ІІ орын Аса командасына бұйырса, І орын IQ командасына бұйырды. Ал жасөспірімдер арасындағы футзалдан қалалық турнирдің қорытындысы бойынша ІІІ орынға NFC командасы, ІІ орынға Жаңатас 2 командасы, І орынға Жаңатас командасы тұрақтады.
Aq jol-Aqparat
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




