Президент Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдады
- author «Ақ жол»
- 18 тамыз, 2025
- 822
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Танзила Нарбаеваға ілтипат білдіріп, оның Астанаға сапары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың айрықша сипатта өрбіп келе жатқанын растайтынын атап өтті.
Мемлекет басшысы қос халық арасындағы достық, тату көршілік байланыстарды нығайтуға Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенаты төрағасының қосқан үлесін жоғары бағалады.
– Сіздің сапарыңыз елдеріміздің арасындағы достық қатынастарды нығайту тұрғысынан өте маңызды. Біз бауырлас Өзбек елімен ынтымақтастығымызды дамытуға ерекше мән береміз. Мұны Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауда өте маңызды фактор деп санаймыз. Екі елдің ықпалдастығы неғұрлым тығыз әрі табысты өрбіген сайын, жалпы өңірдегі жағдай да тыныш болады. Сіздің сапарыңыз парламентаралық байланысты кеңейту үшін шын мәнінде маңызды рөл атқарады, – деді Мемлекет басшысы.
Танзила Нарбаева қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Президент Шавкат Мирзиёевтің сәлемін жеткізді.
– Президентіміз Сізге ыстық ықыласын жолдап, алға қойған міндеттердің сәтті жүзеге асуына тілектестік білдірді. Қол жеткізілген уағдаластықтардың бәрі жеке бақылауында екенін айтты. Біз – Президенттің бүкіл командасы, соның ішінде Парламент оны іске асырып, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін аянбай еңбек етеміз. Өзіңіз айтқандай, Өзбекстан мен Қазақстан – бір-біріне ең жақын әрі сенімді серіктестер, – деді Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының спикері.
Мемлекет басшысы орайлы сәтті пайдаланып, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке жылы лебізін жолдады.
Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты стратегиялық серіктестікті тереңдетуге сіңірген еңбегі үшін Танзила Нарбаеваны II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Жамбылда 10 мыңға жуық тұрғын құқықтық кеңес алды
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




