«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Абай муралы жаңаша жаңғырды

Абай муралы жаңаша жаңғырды
Ашық дереккөз
Газетіміздің 2025 жылғы 7 тамыз ( №88 (19657) нөмірінде «Абай хакімге құрметіміз осы ма?» деп сын мақала жазған едік. Сол мақалада Тараз қаласы «Астана» шағынауданындағы №1 үйдің сыртында Абай Құнанбайұлының муралы бар екені, сол муралда әлі күнге дейін «Абай Құнанбайұлы –175 жыл» деп жазылып тұрғаны туралы сөз қозғаған едік.

Біз мәселені қалай көтердік, артынша әлгі үйдің қабырғасына қажетті техника лар мен мамандар барып, муралды ауыстырып, хакімнің суретін жаңартып, «Абай Құнанбайұлы – 180 жыл» деп өзгертіп жазып қойды. Бұл үшін әрине, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековке , әкімнің тапсырмасына жауапкершілік танытқан барша мамандар мен жұмысшыларға алғысымызды айтамыз.

«Бұл муралды жөндеу бұрыннан да ойымызда жүрген. Тараз қаласының әкіміне ұсыныстар айтып жүргенмін. Сәті келгені осы болды. «Ештен кеш жақсы» деген. Бір жағы сіздердің қозғауларыңыз қамшы болды. Тараз қалалық ардагерлер кеңе сінен де қариялар қоңырау шалып ескертті. Ең бастысы, муралды жаңартып, жазуын дұрыс жазып қойдық. Шағынаудан тұрғындары риза болып жатыр», – дейді Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Бағлан Әбілдаева.

Біз Тараз қаласының белсенді ақсақалдарымен де сөйлестік.

«Осы муралдағы цифр әрібері өткен сайын жаныма батып жүруші еді. Кәдімгідей ойланып, қиналатынмын. Қалалық ішкі с аяс аттың мамандарына сан рет ескертіп айтқанмын. Енді түзелді. «Сөз түзелді, тыңдаушым сен де түзел» деп хакім Абайдың өзі айтқандай, цифр өзгеріп, мурал жаңа сипатта жаңғырды. Қала әкімдігіне рақмет», – дейді еңбек ардагері Алдаберді Мақашев.

«Астана» шағынауданындағы Абай муралының жаңарғанына біз де қуаныштымыз. Кішкентай ғана сыннан қорытынды шығарған Тараз қаласы әкімдігінің ісі өзгелерге үлгі болғай.

Есет Досалы,

Тараз қаласы

Ұқсас жаңалықтар