«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Цифрлық қолтаңбаны алу енді тек онлайн форматта қолжетімді

Цифрлық қолтаңбаны алу енді тек онлайн форматта қолжетімді
Ашық дереккөз
Таяуда елімізде электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу тәртібі өзгерді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл қызметті толығымен онлайн-форматқа ауыстырды. Бұл шешім азаматтардың дербес деректерін қорғау деңгейін арттыру және жеке цифрлық деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ол электрондық қолтаңбаны бөгде тұлғаларға алу жағдайының алдын алады.

Бұрын ЭЦҚ кілттерін онлайн да, ХҚКО-да да алуға болатын. Енді бұл процедура толықтай онлайн форматқа көшірілді. ЭЦҚны egov.kz немесе pki. gov.kz порталы арқылы онлайн өтінім жіберу арқылы алуға болады. Ол үшін биометриялық с ә й ке с т е н д і руд е н ө ту қажет. Егер тұлға сәтті расталса, ЭЦҚ кілті бірден ХҚКО қызметкерлерінің қатысуынсыз онлайн түрде беріледі. Базада фотосурет болмаса немесе техникалық ақау орын алса, жүйе 5 ретке дейін биометриялық тексеруден өткізуге мүмкіндік береді. Осы әрекеттер сәтсіз аяқталған соң ғана ХҚКО-ға жүгіну мүмкіндігі пайда болады. Маңыздысы – биометриядан өтпейінше, ХҚКО-да оператор арқылы өтініш беру мүмкін емес. Оператор ЖСН бойынша ақпаратты тексереді және егер бес рет сәтсіз биометрия тапсыру әрекеті болмаған жағдайда, қызмет көрсете алмайды. Онлайн қызмет толық пайдаланылғаннан кейін ғана ХҚКО арқылы өтініш беру мүмкіндігі автоматты түрде ашылады. Интернетке немесе компьютерге қолжетімділігі жоқ азаматтар үшін ХҚКОның өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында биометриядан өту мүмкіндігі қарастырылған. Егер пайдаланушы сол жерде сәтті идентификациядан өтсе, ЭЦҚ кілттері ХҚКО операторының қатысуынсыз онлайн түрде беріледі.

Қазақстанда ЭЦҚ беру процесінің негізінен қашықтан форматқа ауысқаны статистикалық деректермен расталады. 2025 жылдың басынан бері республика бойынша 14,9 миллионнан аст ам ЭЦҚ кілті берілді. Соның ішінде 92,25 пайызы қашықтан сәйкестендіру арқылы, ал небәрі 7,75 пайызы ХҚКО арқылы рәсімделген. Мұндағы деректер онлайн-сервистің жоғары сұранысқа ие екенін және мемлекеттік қызметтердің цифрландыру бағытында тұрақты үрдіс қалыптасқанын көрсетеді. Бұл жаңашылдық ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған. ЭЦҚ өз қолымен қойылған қолтаңбаға теңестіріледі және толық заңды күшке ие, сондықтан ЭЦҚ кілттеріне қолжетімділік тек оның иесінде ғана болады. Биометрияны қолдану жеке тұлғаны сенімді түрде растауға және ЭЦҚ кілттерін заңсыз алу жағдайларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Нұрболат АМАНБЕК

Ұқсас жаңалықтар