«Ақкербез» би ансамблі мен «Жамбыл» триосы Италия төрінде
- author «Ақ жол»
- 14 тамыз, 2025
- 818
Фестивальдің басты мақсаты – әлем халықтарының дәстүрлі музыкасы мен би өнерін насихаттау, мәдениеттер арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту.
Аталған халықаралық мәдени шараға ұлттық өнерімізді әлемге таныту, өнер ұжымының халықаралық деңгейде танылуын қамтамасыз ету, мәдени байланыстарды кеңейту және кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның «Ақкербез» би ансамблі мен «Жамбыл» триосы қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Фестиваль бағдарламасы аясында қатысушылар әр елдің ұлттық сахналық нұсқадағы биі мен музыкалық шығармаларын орындап, дәстүрлі киім үлгілері мен фольклорлық дәстүрлерін көрсетті. Қазақстан атынан қатысқан «Ақкербез» би ансамблі ұлттық нақыштағы би қойылымдарын ұсынса, «Жамбыл» триосы дәстүрлі музыкалық шығармалар мен авторлық әндерді шеберлікпен орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Фестивальге Қазақстан, Италия, Франция, Испания, Болгария, Польша, Түркия, Үндістан, Сербия, Мексика сынды әлемнің 15-тен астам елінен фольклорлық топтар мен ансамбльдер қатысты. Әрбір ұжымға арнайы сахна уақыты бөлініп, қалада шеру, көшелік қойылымдар және үлкен галаконцерттер ұйымдастырылды.
Қазақстандық өнерпаздардың орындауындағы нөмірлер фестиваль қонақтары мен көрермендерінің зор қошетметіне ие болып , халықаралық сыншылар мен ұйымдастырушылар тарапынан жоғары бағаланды. Қатысушыларға арнайы Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Фестиваль аясында ұйымдастырылған мәдени кездесу, шеберлік сағаттары мен шеру-бағдарламалар Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясы өнер ұжымына шетелдік әріпте стерімен тәжірибе алмасуға және шығармашылық байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.
Aq jol-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




