«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Адам өмірін құтқару үшін жігер керек»

«Адам өмірін құтқару үшін жігер керек»
gov.kz
Тұрғылықты халықты жаз мезгілінде тау бөктерлері мен далалы мекендердегі өрттен, күздің қара суығында су тасқынынан қорғап, небіп сұрапыл жағдайлардың басы-қасында жүріп, қиналған жанға қол ұшын беретін осы бір қиындығы мен қызығы мол кәсіптің майталмандарын бүгінгінің батырлары деуге толық негіз бар. Осы орайда біздер құрыш білекті құтқарушылардың еңбегі жайлы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Арман Тоқановпен сұхбаттасқан едік.

– Арман Құмарұлы, облысымыздағы Төтенше жағдайлар департаментіне келгеніңізге жарты жылдай уақыт болыпты. Жалпы бұл салаға қалай келдіңіз? Қасиетті Жамбыл жері сізді несімен қызықтырды?

– Жамбыл облысы климаты жағынан алып қарағанда өте қызық. Оңтүстік өңірі болса да, кейбір аумақтарындағы ауа-райы аяқ асты өзгеретін, қарлы бораны мен аязы тез арада басталып кететін өңір. Ал бұл өз кезегінде азаматтық қорғау қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органның ТЖ аймағында ТЖ жою бойынша нақты тапсырмалар мен кезек күттірмейтін жұмыстарды атқаруына ықпал етері сөзсіз.

Мен 1979 жылы 16 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Топтерек ауылында дүниеге келдім. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шығыс Қазақстан облысының ТЖД орынбасары лауазымында қызмет атқардым. Жаңа жұмысқа жаңа леп әкелуге тырыстым. Атқарылып жатқан істердің бәрі сол жұмыстарымыздың айғағы деп білемін.

– Сіздердің қызмет теріңіздің ауырлығы айтпаса да түсінікті. Жалпы төтенше жағдай қызметіне келген жігіттердің бойында қандай қасиеттердің болғаны жөн?

– Өзге адамдардың өмірін құтқаратын адам тез арада шешім шығара білетін, қиындыққа төзімді, физикалық тұрғыдан мықты, эмоционалды тұрғыдан салмақты, жігерлі адам болуы қажет. Жатарда үш-төрт ұялы телефонын жастығының астына қойып жататын, төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда өз мүддесінен гөрі халықтың қамын ойлайтын құтқарушылардың атқарар ісі шынында ауыр. Ақпан айында қыс қатты болып, қар құрсауынан 100 шақты адам құтқарылды. Желтоқсан-қаңтар айларында Қордай мен Шу аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Айта берсек өте көп. Бұл қызметке денсаулығында еш кінәраты жоқ 25 жасқа дейінгі жас ұландар кіре алады.

– Көктемдегі қауіпсіздік шараларын сақтау, су басу кезеңі, алдын алу шаралары туралы айтыңызшы.

– Жамбыл облысының аумағындағы елді мекендер мен шаруашылық объектілерін су басу қауіпі Шу, Талас және Аса өзендерінің арналарында су деңгейінің көтерілуінен, тау бөктеріндегі еріген және жаңбыр суларынан орын алуы ықтимал.

Жыл сайын су тасқыны жоспарларының орындалу барысында, су басуы мүмкін 42 елді мекеннің 34-нен қауіп алынды. 2 (Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы және Здоровье саяжайы) елді мекеннің қауіпі төмендетілді, су басуға бейім 6 елді мекен (Жамбыл ауданы Жасөркен, Қызылқайнар, Байзақ ауданы Талас, Казпоселок, Түймекент және Тараз қаласы Тектұрмас) қалып отыр, бұл елді мекендер «2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасының іске асырылу барысында төмендетілуі жоспарлануда. Аталған Жол картасына жалпы 3 миллиард 400 миллион теңге бөлініп, Талас өзенінің жағалауын бекіту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жалпы 25,02 шақырымның 23,7 шақырымы, яғни 95 пайызы атқарылды. Облыс аумағында ұзындығы 872,3 километр каналдар, 1571,9 арықтар және 333,5 су өткізу құрылыстары, 303 автомобиль және 114 теміржол көпірлері тазартылды. Қазіргі уақытта 236,1 дренаждық арналар тазартылды. Бұл саладағы жұмыс жалғасуда.

Өңірдің елді мекендерін су басудың алдын алу үшін 3500 метр куб тонна қар шығарылды. Облыс аумағында 141 гидротехникалық құрылыс бар, оның ішінде республикалық меншікте – 18 (су қоймалары – 6, бөгеттер – 1, су тораптары – 11), коммуналдық меншікте – 115 (су қоймалары – 76, бөгет – 1, тоғандар – 38) және жеке меншікте – 8 (су қоймалары – 2, тоғандар – 6).

2023 жылдың ақпанында «Шу-Талас» бассейндік инспекциясының, «Қазсушар» РМК филиалы және «Жамбыл су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері гидротехникалық құрылыстарға комиссиялық тексеру жүргізіп, нәтижесінде «Жамбыл су қоймалары» КММ-нің меншігіндегі 24 су қоймасына ағымдағы жөндеу жүргізу қажеттігін анықтады. 2023 жылы 14 гидротехникалық құрылыстарға жергілікті бюджеттен 67 миллион 615 мың теңге бөлініп, ағымдағы және қайта құру жұмыстары жүргізілді. – « Қ а з г и д р о м е д п е н » байланыстарыңыз қандай? 112 хабарламасын кім жібереді? Алдын ала қар, жауын болжамы қалай жасалады?

– «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалымен тығыз байланыста жұмыс атқарамыз, күнделікті дағдарыс жағдайлары басқармасының электрондық поштасына әр күнге арналған ауа-райы болжамы келіп түседі. Сонымен қатар әр үш сағат сайын Дағдарыс жағдайлары басқармасының ж е д е л к е з е к ш і с і « Қ а з г и д р о м е т » филиалының диспетчерлерінен ауа райындағы өзгерістер жайлы нақтыланып отырады. «Қазгидромет» филиалынан келіп түскен дауылдық ескертулер бойынша Дағдарыс жағдайлары басқармасының жедел кезекшісі халықты құлақтандыру үшін ұялы байланыс операторлары арқылы СМС-тер, Дармен қосымшасы хабарламалар таратады. Сондай-ақ азаматтық қорғаудың барлық бөлімшелері мен тиісті ұйымдар мен мекемелерге таратылады. Сонымен қатар «Қазгидрометтен» күнделікті ауа райы болжамынан бөлек апталық және айлық ауа райы болжамдары келіп түседі және ауа райындағы өзгерістер жайлы алдын ала болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Ал ақпаратты уақтылы алудың нәтижесінде ТЖ аумағына күштер мен құралдарды дер кезінде жұмылдыруға мол мүмкіндік береді. – Жанар-жағармай станциялары х а л ы қ ш о ғ ы р л а н ғ а н ж е р л е р д е орналасқан. «Сақтансаң – сақтайды» демекші бұл тұрғындарға қауіпті емес пе? Алда жалда өрт шығу қаупі төнсе зардабын қарапайым тұрғындар тартпайды ма?

– Облыс бойынша 26 мұнай базасы және 300 жанар-жағармай қоймасы есепке алынған. Олардың өрт, өнеркәсіп қауіпсіздігі жағдайында үнемі мемлекеттік инспекторлар тексеру жүргізу арқылы қатаң бақылауға алған. Егер де тексеру кезінде бұл обектілерде тиісті қауіпсіздік шаралары бұзылған жағдайда заңмен белгіленген тәртіпте оны жоюға шаралар қаралады. Сонымен қатар бұл санаттағы обьектілер өрт туралы бірінші хабар түскенде жоғары дәрежелі шақыру бойынша күштер мен құралдар жіберілетін нысандар тізіміне енгізілген. Егер өрт оқиғасы тіркелген жағдайда оны уақытылы жоюға өртке қарсы қызметтің толық мүмкіндігі бар.

– «Апат айтып келмейді» демекші тұрғындар жылдың төрт мезгілінде қандай қауіптен сақтанғаны жөн?

– Әрине, төтенше жағдайлардың орын алуы маусымдық климаттық жағдаймен тығыз байланысты. Атап өтсем, қысқы мезгілде жолдың жабылуынан, қардың басым көп түсуінен, қар көшкінінен келетін зардаптар, көктемгі мезгілде қардың еруінен, жауын-шашын мөлшерінің көп болуынан, тұрғын үй қорын және шаруашылық обьектілерін су басу мен шаю, жазғы кезеңде табиғи өрттің өсуі және конго қырым қанды безгегінің өршуі, күз мезгілінде жылыту маусымының басталатындығынан тұрмыстық өрттің күрт өсуі және басқа да төтенше жағдайлар орын алу қаупі бар. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Эльмира БАЙНАЗАРОВА.

Ұқсас жаңалықтар