Жас мемлекеттік қызметшілер арасында "Абай оқулары" байқауы өтті
- author «Ақ жол»
- 12 тамыз, 2025
- 1.1k
Іс-шараның басты мақсаты – Абай шығармаларын насихаттау, жастардың ұлттық руханиятқа деген қызығушылығын арттыру, сөз өнері мен қазақ әдебиетінің терең маңызын таныту. Сондай-ақ, жас мемлекеттік қызметшілердің бойында Абай мұрасы арқылы адамгершілік құндылықтарды нығайту және ұлттық мәдениетке деген ықыласын ояту көзделді.
Абай өлеңдері мен қара сөздерін, М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінді оқу, Абай әндерін орындау шарттарынан құрылған байқауға Жамбыл облысының әр өңірінен 23–35 жас аралығындағы мемлекеттік қызметшілер қатысты. Олардың қатарында: Жамбыл облыстық мәслихаты аппараты, Тараз қаласы әкімдігінің бөлімі, Мамандандырылған ауданаралық соттар мен бөлімшелер, Қордай, Сарысу, Шу, Байзақ, Т.Рысқұлов, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Талас аудандарының әкімдіктері мен ауылдық округтерінің өкілдері, жалпы 15 үміткер қатысты.
ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Исаханұлы Копдикбаев, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының директоры Қасымхан Естемесұлы Төлендиев, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Жуалы ауданының Құрметті азаматы Сейсекүл Исматова байқау қатысушыларының жұмысын бағалап, жеңімпаздарды анықтады.

Нәтижесінде Бас жүлде Шу ауданы, Ескі-Шу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Төлеутай Махаббат Бекболатқызына бұйырды. Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратының бас инспекторы Мамышев Мұхтар Сырлыбайұлы жүлделі І-ші орынды иеленсе, Талас ауданы, С.Шәкіров ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Баймырза Ермұрат Аманжолұлы мен Жамбыл облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты әкімдігінің бас маманы - сот отырысының хатшысы Тургынов Санжар Алмасұлы ІІ мен ІІІ орындар қанжығалады.
Байқау аясында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншілері «Абайдан әуен, ғибрат» концерттік бағдарламасын ұсынып, іс-шараға ерекше әсер мен ұлттық рух сыйлады.
Ал қатысушылардың өнерін байқауға арнайы шақырылған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5513, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ақжар ауылындағы 40336, 28903байланыс әскери бөлімдерінің сарбаздары тамашалады.
Іс-шара соңында қазылар алқасы жеңімпаздарды арнайы Дипломдармен, қалған қатысушыларды Алғыс хаттарымен марапаттады. Байқау – жас мемлекеттік қызметшілер үшін тек өнер сайысы ғана емес, рухани және мәдени дамудың, Абай мұрасын жаңаша танудың жарқын алаңына айналды.
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




