«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Еңбегі Эрмитажда тұрған майталман

Еңбегі Эрмитажда тұрған майталман
Автор
Өмірде ештеңе өзінен өзі бола қалмайды. Бір жағдайға біреуі себеп болып, кейде адам өмірінде ғажайып сәттіліктер орын алды. Мәселен, меркілік суретші, белгілі қолөнер шебері Қырғызбай Қаңтарбаев Әулиеата қаласы, Радишев көшесі, №4 үйде өмірге келген.

Біз бұл жерде ат а лған мекенжайды бекерге айтып отырған жоқпыз. Қырғызбайдың әкесі Ырыс Қаңтарбаев деген кісі сауықшыл, өнерпаз, сері жігіттің бірі болса керек. Жақсы атты мініп, сәнденіп жүреді екен. Сондықтан, Әулиеата қаласынан төбесі шатырлы, тақтай едені бар бес бөлмелі үйі болыпты. Іші жиһазға толы осынау үй талайлар қызығатын баспанаға айналған. Еті тірі Ырыс байлардың көмекшісі болып жүріп-ақ осы зәулім үйді салып алған екен. Ырыстың пысықтығы сол кездегі өкімет адамдарына да ұнапты. Жергілікті басшылар жоғарыдан қонақ келсе, үйі әдемі әрі кең деп, Ырыстың үйіне түсірген. Қоғам қайраткерлері Ораз Жандосов пен Тұрар Рысқұлов Әулиеата қаласына келген сайын Ырыстың үйіне соқпай кетпейтін болған. Жайлы үйдің төрінде жатып талай бата берген. Әйтеуір «Қырықтың бірі қыдыр» дегендей, шаңырағына жақсылар түскен Ырыс жаман болмапты. Ырыс пен жұбайы Әбілез екеуі екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсіріп, бала-шағаның, ұрпақтың қызығын көріпті. Өздерінің ортасына да өте сыйлы болса керек.

Сауда-саттықпен бақуаттанған Қыпшақбай батысты қуалай Бурыл тауының беткейіне дейін бірталай үй салдырған екен. Соның бірін осы Ырыс інісінің жанұясына сыйға тартты. Кейінірек Қыпшақбай байкулактар тізіміне ілініп, соның салдарынан Ырыс жанұясымен Семейдің Көкпектісіне қоныс аударылады. Осы Көкпектіде бала Қырғызбайға тұңғыш рет мектеп табылдырығын аттауға тура келеді. Ашаршылықтың ащы дәмін татқан Ырыс отбасымен 1933 жылы Құланға қайта оралып, Т.Рысқұлов атындағы қазіргі Абай колхозына орналасады . Жасөспірім Қырғызбай 2 - 3 класты оқып бітірген соң ағасының жанұясымен бірге көшіп, қазіргі Түркістан облысының Высокое ауылына келеді. Оқуды Жамбыл ауданының Молотов колхозында тәмамдайды. Сегіз жылдық білімінен соң Дунгановкадағы Чкалов атындағы орта мектебінде мұғалім болып алғашқы еңбек жолын бастады.

Соғысқа 1942 жылқы қыркүйектен осы жерден алынады. Жауынгер Қырғызбай Сталинград майданына бастап, Беларус майданына дейінгі әскери мектептен өтті. Ауыр жарақат алған екінші топтағы мүгедек болып 1944 жылы елге оралады. Қырғызбай Ырысұлы – қолөнер шеберінің майталман м а м а н ы . Оның қолымен жасаған туындыларының алдын Санкт-Петербург қаласындағы «Эрмитажда», Алматы қаласындағы Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайында орын алған. Сондай-ақ Қырғызбай Қаңтарбаевтың А.Құнанбаев, Ж.Жабаев, Ш.Уәлиханов, А.Иманов, М.Горький, тұңғыш ғарышкер Ю.Гагарин және «Отан ана», «Қобызшы қыз» сияқты шағын мүсіндемелері әр алуан көрмелерде өзіндік жоғары бағасын алған.

Қазіргі таңда оның қолынан шыққан туындылары Т.Рысқұлов ауданындағы орталық тарихиөлкетану музейінде сақтаулы. Солардың бірі – биыл 180 жыл толып отырған хакім Абай атамызға арналған арнайы мүсіні. «Бұл мүсін біздің музей үшін аса бағалы зат. Жалпы, суретші, қолөнер шебері Қырғызбай Қаңтарбаевтың қандай мұрасына да құрметпен қараймыз. Сол кісінің еңбектерін мақтаныш санаймыз. Жас ұрпақтарға үлгі етіп насихаттап жүрміз», – дейді аталған музей директоры Эльдар Өтембаев.

Есет ДОСАЛЫ,

Т.Рысқұлов ауданы

Ұқсас жаңалықтар