Константин Скрябин бала кезінен коллекциялар жинап, оларды ұқсастығы мен ерекшелігіне қарай саралап, түр-түстеріне, бедер бейнесіне қарай сұрыптауды ұнатқан. Түрлі жануарлардың суретін жинап, оларды арнайы альбомдарға желімдеп қоятын жас бала осылайша алғашқы «Зоология атласын» құрастырған. Балалық шағынан бастау алған білім деген құштарлық Константин Ивановичті армандарына жетелейді. Орта кәсіптік білім алғаннан кейін Константин Скрябин Эстония Республикасының Юрьев (Тарту) қаласындағы ветеринарлық институтына оқуға түседі. Оқуын ойдағыдай аяқтаға Константин Скрябин 1905 жылы 23 маусымда ішкі істер министрлігінің Мал дәрігерлігі басқармасынан №3269 жарлығымен Түркістан өлкесіне екі жылға қызметтік іссапарға жолдама алады.
Облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «К.И.Скрябин музей-үйінің» қорында академик Константин Скрябиннің жеке заттары сақтаулы тұр. Солардың ішіндегі құнды жәдігердің бірден бірегейі Константин Ивановичтің 25 томдық «Жануарлар мен адамның трематодтары » ( « Тр е матод ы животных и человека») атты еңбегі. Ғылыми қызметінің алғашқы кезеңінен бастап трематодтар тобын бірінен соң бірін зерттеген, гельминтологиялық монографияларды құрастыруға, әрі солардың жарық көруіне көптеген жылдарын арнаған. 40- ыншы жылдардың ортасында ауруларды қоздыратын белгілі барлық трематодтар биологиясы мен морфологиясы бойынша, сондай-ақ аурудың аймақтық эпидемиологиялық, эпизотологиялық белгілері жөнінде мәліметтерді толық беру қажеттілігіне орай «Жануарлар мен адамның трематодтары» деген аса үлкен монографиялық еңбегін жазуға кіріседі. Бұл ғылыми еңбегінде теориялық проблемалармен қатар адам потологиясы және ауыл шаруашылығы мен кәсіпшілік малдарының ауруға шалдығу мәселесін толық баяндап түсіндіру, әрі емдеу-профилактикалық шаралар комплексін ұсынуды мақсат етіп қойған. Осы ғылыми еңбегін зерттеу барысында өзінің шәкірттері де атсалысады.
1947 жылы монографияның бірінші томы жарық көреді. Бұл трематодтар туралы әлемде мәлімет беретін алғашқы әрі жалғыз еңбек. Еліміздің және шетел мамандары арасында бұл еңбек аса жоғары бағаланды. 1950 жылы осынау еңбектің алғашқы үш томы үшін Константин Иванович Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Томдық еңбектердің басылып шығуы келесі жылдарда да жалғасын тапты, Константин Ивановичтің монографиялық еңбегі ветеринар мамандарға, медицина қызметкерлері және биологтарға таптырмас оқу құралы.
Гельминтология ғылымының негізін қалаушы Константин Иванович Скрябин осынау еңбек пен қызыққа толы ғұмырын ғылымға арнап, зерттеулер мен ізденістің нәтижесінде 700-ден астам ғылыми кітаптар жазған.
Анар ҚОЖАХМЕТОВА,
К.И.Скрябин музей-үйінің маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




