Хакімнің туған күніне орай Тараз қаласында орналасқан ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Алдымен облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Дүйсенәлі Бықыбаев, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов, филология ғылымдарының докторы Сәмен Құлбарақ қостаған өңір белсенділері хакімнің е скерткішіне гүл қойып, тағзым жасады. Дәл осындай рәсімді Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов, Amanat партиясы облыстық ф и л и а л ы т ө р а ғ а с ы н ы ң орынбасары Уәлихан Болатбек, ақындар, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғайни Әлімбекқызы, Баймаханбет Ахмет, Бақытжан Советұлы, Жамбыл облысының Құрметті азаматтары Амангелді Карентаев, Қасымхан Төлендиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асқарбек Сейілхан, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Күләш Әбдікешова бастаған зиялы қауым жасады. Мұнан соң облыстық және Тараз қалалық мәслихаттың депутататтары, қоғамдық ұйым, саяси партия өкілдері, мекеме басшылары, студент жастар, қала тұрғындары хакімнің ескерткішіне тағзым етті, гүл қойды.
«Өлді деуге сыяма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп өзі айтқандай, ғасырларда бір туылатын кемеңгер, терең ойдың алыбы Абай Құнанбайұлының мұралары алдағы жүз жылдықтарға жете бермек. Хакімге деген құрмет пен тағзым ешқанан толастамайтыны, уақыт өткен сайын әр қазақ Абайға жақындай түсетіні анық. Абай бағалаған тереңдіктің, Абай құрметтеген даналықтың мәні осында. Абайға құрмет – тарихқа құрмет. Мұны жас ұрпақ жоғары деңгейде түсініп, хакімге деген құрметтерін жасай беретіні анық.
Есет Досалы
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




