Үкімет Абай облысын сумен қамтуға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлді
- author «Ақ жол»
- 11 тамыз, 2025
- 1.2k
Өңірде барлығы 21 жоба жүзеге асырылуда, оның жетеуі – Семей қаласында. Сумен қамту жұмыстары ауылдық аумақтарды да қамтиды, атап айтқанда, облыстың Бородулиха, Үржар және Абай аудандарында сумен жабдықтау желілері жүргізілетін болады.
Бұл жобаларды жүзеге асыру халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, коммуналдық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.
Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректеріне сәйкес, сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу Семей қаласында 95,5%-ды, Абай облысының ауылдарында 95%-ды құрайды.
Айта кетейік, аталған әлеуметітк маңызды инфроқұрылымдарды жүзеге асыруға арналған жарқын жобалар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен жүзеге аспақ.

Ұқсас жаңалықтар
Жылыжай мен қойманың көмегі көп
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




