Атап айтқанда, республикалық бюджеттен 230,1 миллион теңге бөлініп, 12 пәтер сатып алынып, мұқтаж отбасыларға табысталған болатын.
Аталған бағыттағы жұмыс биылғы жылы да жалғасын тапты. Республикалық бюджеттен бөлінген 137,3 миллион теңгеге 10 пәтер сатып алу көзделуде. Сонымен қатар, алдағы уақытта өтетін облыстық сессияда тағы 10 пәтер сатып алуға қосымша қаржы бөлу мәселесі қаралуда.
Әлеуметтік қолдау шараларымен қатар, аудан орталығының сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Амангелді көшесі бойындағы 6 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары басталды.
Аталған жұмыстарды іске асыру үшін «Мойынқұм су-жылу» коммуналдық кәсіпорнымен келісімшарт жасалып, көпқабатты үйлердің шатырлары толықтай ауыстырылды, сондай-ақ ғимараттардың сыртын қаптау жұмыстары жоғары деңгейде орындалды. Қазіргі таңда осы үйлердің аулаларын абаттандыру және асфальттау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстар тұрғындардың тұрмыстық жайлылығын арттырумен қатар, ауданның жалпы инфрақұрылымын жаңғыртуға және көркін келтіруге оң ықпал етеді.
Мойынқұм ауданында алдағы уақытта да тұрғын үй мәселесін шешу, әлеуметтік әлсіз топтарды қолдау және елді мекендердің көркеюіне бағытталған жұмыстар кезеңкезеңімен жалғасын табатын болады.
Ауылішілік жолдардың сапасы артуда
Мойынқұм ауданында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 984,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 342, облыстық – 271,6, аудандық – 158,2 және елді мекен көшелері – 212,8 шақырым көлемінде.
2025 жылы жол саласына барлығы 390,6 миллион теңге бөлініп отыр, оның ішінде, облыстық бюджеттен – 128,0 миллион теңге, аудандық бюджеттен – 262,6 миллион теңге. Бөлінген қаржы есебінен елді мекен көшелерінің 7,743 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жыл ішінде барлығы 9 жол жөндеу жобасы іске асырылмақ.
Солардың бірі – «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Биназар ауылындағы Жайлаубек көшесін жөндеу жобасы. Аталған жоба шеңберінде ұзындығы 1,1 шақырымды құрайтын көше жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобаның жалпы құны – 49,3 миллион теңге. Қаржыландыру республикалық және аудандық бюджеттерден қарастырылды.
Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, жол пайдалануға берілді. Жоба ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, көлік қатынасын жақсартуға және ауылішілік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған нақты істердің бірі болып отыр.
Дастан АМАНҚҰЛОВ,
тілші.
Мойынқұм ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Әлемдік трансформация көлеңкесіндегі Қазақстан экономикасының болашағы
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




