Оның айтуынша, «Министрге хат» игі бастама аясында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 235 бала хат жолдаған. Соның барлығын мұқият оқып шыққан ведомство басшысының көңілі жамбылдық оқушы Артемның жылы жазбасына ауса керек.
Осылайша министр Тараз қаласының оқушысын арнайы елордаға алдыртқан. Жеке қабылдап, әңгіме-дүкен құрып, қазақтың ұлттық аспабы домбыраны сыйға тартқан.
«Биыл Артем сегізінші сыныпта оқиды, әр ойын саралап, сөзін салмақтап жеткізетін парасат иесі болып өсіп келеді екен. Қазақ тілін ерекше сүйіп оқитынын мақтанышпен айтты. Ұлттың ұлылары Абай мен Мұқағалидың жырларын жатқа оқып қана қоймай, қазақ классиктерінің шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттау туралы идеясымен мені қуантты әрі таңғалдырды. Оның зеректігіне тәнті болып, Абай және халқымыздың тарихынан сыр шертетін шежірелі кітаптарды сыйға тарттым. Ал қазақ үшін киелі қара домбыраны ұсынған сәтте, Артемнің қуанғанын байқадым, ол көптен бері домбыра тартуды армандап жүрген екен. Сол күні біз әке мен баладай сыр бөлістік. Артемнің ұстаздарына деген шынайы ілтипаты, болашаққа деген үміті мен жігері жанымды жадыратты» - делінген жып-жылы жазбада.

Ұқсас жаңалықтар
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Жас ізденімпаздар жоғары оқу орнына жолдама алды
- 23 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




