Қазақ хандығы ту тіккен аймаққа ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде
- author «Ақ жол»
- 7 тамыз, 2025
- 1.9k
Экспедициялық жұмыстар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Елеуов Мадияр Елеуұлы мен ҚР ҰҒА ҒМ Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Талеев Дөкей Әбдікерімұлының жетекшілігімен жүргізілуде.

Ғылыми экспедиция жұмыстары барысында Шу өзенінің төменгі ағысында орналасқан Керейдің қыстағы, Қойшыман, Шар, Үлкен-Ақтөбе, Орта Ақтөбе, Аяқ-Ақтөбе және Бала-Ақтөбе ортағасырлық қалажұрттар мен елді мекендерге археологиялық зерттеу жүргізіліп, бұл елді мекендер мен қалажұрттардың Қазақ хандығының алғашқы кезеңінде маңызды рөл атқарғаны анықталуда.

Қазба жұмыстары барысында табылған археологиялық жәдігерлер мен құрылыс орындары бұл аумақтардың XV ғасырда, яғни Қазақ хандығының құрылған кезеңінде өмір сүргенін және сол дәуірдегі мемлекеттік құрылымға қызмет еткенін ғылыми тұрғыда дәлелдеп отыр.
Aq jol-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




