Іс-шара барысында ұлы ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қойылып, белсене қатысқан жолаушыларға сыйлық берілді. Аталған кітапхананың сұрақтарына жауап беріп, сыйлық алған жеңімпаздың бірі тараздық Іңкәр Бекенқызы. «Биыл Абай Құнанбайұлы атамыздың мерейтойы. Ақынның өлеңдерін үнемі жаттап, өзіме тәрбие ретінде пайдаланамын. Маған хакімнің қара сөздері туралы сұрақтар келді. Дер кезінде жауап бердім. Осындай танымдық сұрақ-жауап сайыстарының өтіп тұрғанын қолдаймын», – дейді ол. Сонымен қатар іс-шараға белгілі ақын Серік Томановтың немерелері де белсене қатысыпты. Айзере Серік пен Әлихан Серік хакімнің өмірі мен шығармашылығына назар аударып, ізденіп жүретін балалар екен. Олар ақынның өмірінен қойылған сұрақтарға сәтті жауап беріп, сыйлыққа Абай шығармаларының жинағын ұтып алды.
Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай М.Әуезов атындағы кітапхана Қ.Рысқұлбеков саябағының демалушыларымен «Абай әлемі» атты поэзия сағатын өткізді. Мұндай кеш кімді де болса рухани биіктерге жетелеп, болашаққа деген құштарлыққа ұмтылдыратыны белгілі. Саябақта қыдырып жүрген қала тұрғындары лирика әлеміне терең қанат қағып, рухани демалысты сезінді. «Мұндай іс- шаралардың өтіп тұрғанын қолдаймыз. Өлең тыңдау деген – демалыстың үлкені. Абай Құнанбайұлы поэзиясы рухани үлкен құндылық. Өзім де немерелеріме ақынның өлеңдерін жаттатып жүремін. Абай жырлары – рухани бағытқа адастырмай апаратын бағдаршам», – дейді қала тұрғыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылхан Шүңіреков.
Осылайша, хакімнің мерейтойына арналған іс-шаралар көпшіліктің көңілінен шығып жатыр. Алдағы уақытта да Абай әлеміне терең саяхат жасау басқа да кітапхана, рухани ордалар арқылы жалғаса берері анық.
«Орталық кітапханалар жүйесі және оған қарасты кітапханалар Абай Құнанбайұлының мерейтойына бірнеше ауқымды жоспар жасаған еді. Сол жоспарымызды шетінен ел назарына ұсынып келеміз.
Кітапханамызға хакімнің мерейтойына қатысты ұсыныстарымен келіп жатқан кісілер де бар. Біз басқа мекемелермен бірлесе отырып алдағы уақытта да халықтың ойынан шығатын іс шараларымызды жалғастыра береміз. Себебі, Абай – адамзаттың ұстазы. Себебі, Абай – таусылмас терең мұхит, – дейді Абай атындағы Тараз қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Ұлбосын Сәулебаева.
Есет ДОСАЛЫ
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




