«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Оқушылар Алаш арыстарының еңбектерін зерттеп жүр

Оқушылар Алаш арыстарының  еңбектерін зерттеп жүр
Автор
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық педагогтар съезінде сөйлеген сөзінде «Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет. Сондықтан ұстаздар қауымына, яғни сіздерге зор жауапкершілік жүктеледі», – деген еді. Мұғалімнің өзіне жүктелген жауапкершілікті шынайы сезіне жұмыс істеуі жарқын болашаққа басталған даңғыл жол іспетті.

Ұстаз болуды білім беру ғана емес, алдына келген әр баланың ертеңіне оң бағыт сілтеп, оқыта отырып, ғылымға жетелеу. Сол арқылы халықтың игілігіне жарар жаңа іс табуға жасөспірім тұлғаларды қызықтыра білу екенін ұғынатын мұғалімнің бірі Т.Рысқұлов ауданының Жарлысу ауылындағы тарих пәнінің мұғалімі Кенжебек Устемиров. Ол күнделікті сабағын өтумен қатар, ғылыми ізденіске құштар оқушыларды тарихи жаңалық табуға да жетелеп жүр. Олай деуіміздің себебі – оқушылары Дархан Нұрманалы, Нұрперзент Әшірәлімен бірге халқымыздың тарихи тұлғаларын зерттеп, әлі анықталмаған тұстарын елге танытуда атқарып жүрген еңбектері.

Әлихан Бөкейхановтың азаттық жолындағы, мемлекет болу жолындағы еңбегінің, күресінің негізгі арналарын зерттеген Дархан Нұрманалы мектепті тәмамдап кеткеннен соң, сол тақырыпты қазір 9-сынып оқушысы Нұрперзент Нұрдәулетұлы жалғастырып жүр.

– Қазақтың бақыты үшін күрескен, қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға атсалысып, алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы болған Әлихан Бөкейхановтың өмірі жайында тың деректер жинадық. Алаш қайраткерлерінің саяси күштерінің тоғысуы мен саяси күрестерінің ерекшеліктері негізінде талдау жасалды. Бұрынғы олқушым Дархан Дүйсебекұлы тың ақпараттарды тауып, ерекшеліктері негізінде талдау жасалды. Бұрынғы олқушым Дархан Дүйсебекұлы тың ақпараттарды тауып, өз әлінше мәселеге қазіргі көзқарас тұрғысынан тың қорытынды жасауға талпыныс жасаған еді. Ол өз ғылыми жобасында Алаш қозғалысына ағарту жұмыстарының маңызын орынды атап көрсеткен. Дәлелді дәйектер келтіріп, тақырыптың маңыздылығын аша білді. Ғалымдардың, Алаш тарихын зерттеушілердің пікіріне сүйене отырып, өз замандастары білуге, ұғынуға, оқып-үйренуге тиісті үлкен ұсыныс жасаған. Ол жобаға пікір білдірген тарих ғылымдарының кандидаттары жұмысты одан әрі қарай тереңірек зерттеп, жетілдіру керегін айтқан болатын. Себебі, публицист, ғалымның бастан кешкен ғұмырында әлі де ашылмаған қырлары көп. Сол секілді Алаш партиясының да зерттеуді қажет ететін жайттары бар. Дархан Нұрманалы мектеп бітіріп кеткендіктен, бұл тақырыптағы зерттеуімізді қазір 9-сыныпта оқитын Нұрперзент Нұрдәулетұлымен жалғастырып жатырмыз. Бұл тақырыптың өзектілігі ел тарихының объективті бейнесін қайта қалпына келтіру мақсатында ғасыр басындағы ұлт зиялыларының өмірін, қызметін, ғылыми мұраларын зерттеп, жас ұрпақтың санасына сіңіру. Әлихан Бөкейхановтың осындай құнды ғылыми мұраларын жаңа заман талаптарына сай талдап, зерттеуді жалғастыру қажет. Оның бүгініміз үшін де, ертеңіміз үшін де қажеттілігі, өзектілігі еш күмән тудырмайды. Алаш қайраткері айналысқан мәселелер, яғни ұлттық мемлекет құру, ғылыми еңбектері, экономикалық мәселелер, елдің кәсіппен айналысуы ХХІ ғасырдағы Қазақстан Республикасының даму жолындағы басты проблемаларының қатарында қарастырылып, шешімі табылуда. Осы ізденісте біз ғылыми, көркем әдебиеттерден, бұқаралық ақпарат көздерінен тақырыпқа қатысты ақпараттарды іздеп, жинастырып, сұрыптадық. Зерттеп жатқан тақырып төңірегіне топтастырып, дәлелдер мен дәйексөздерді жинап, жоспар жасадық. Алынған материалдар негізінде қорытынды жасаймыз, – дейді жас ізденушілердің жетекшісі Кенжебек Әшірәліұлы.

Жас зерттеушілер бұл еңбекте кең ауқымды деректер негізінде Әлихан Бөкейхановтың ғылыми мұраларына талдау жасап, халқының азаттығы үшін және қоғамда атқарған еңбектеріне бүгінгі талапқа сай баға беруді көздеген. Қазақтың мемлекет қайраткерінің Отан тарихындағы, оның ішінде ұлт-азаттық қозғалыс тарихындағы, Алаш және Алашорда қозғалысы жолындағы ғылыми еңбектеріне талдау жасалған. Оның мұрасындағы отандық тарих ғылымының дамуындағы сабақтастығын көрсеткен.

Ғылыми зерттеу жұмысында анықталған тың деректер ел тарихына еніп, оны халық таныса, кешегілерден қалған із, естеліктер қатары байи түсер еді.

Қамар ҚАРАСАЕВА

Ұқсас жаңалықтар