Басты жаңалық
Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
- author «Ақ жол»
- 6 тамыз, 2025
- 1.4k
Жамбыл облысында полицейлер республикалық "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Сэм атты қызметтік иттің көмегімен 3 келіден астам кептірілген марихуананы сақтау дерегін анықтады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, күдікті — Сарысу ауданының 33 жастағы тұрғыны. Ер адамды полиция қызметкерлері Аса – Тараз автожолында Volkswagen Passat көлігімен үйіне қайтып бара жатқан кезінде тоқтатқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол бұған дейін арнайы дайындалған жасырын орнынан есірткі салынған түйіншектерді алып кеткен. Есірткі заты көлік ішінен табылды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі заттарын ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




