Кешті Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармония және Тараз қалалық Абай атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бірлесе отырып өткізді.
Салтанатты шара Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен ашылып, одан әрі әдеби-сазды кешке ұласты. Шараның басты мақсаты – Абай мұрасын жас ұрпаққа тереңінен таныту, даналыққа толы өлеңдері мен қара сөздері арқылы ұлттық рухты жаңғырту, әдебиет пен тілдің қадір-қасиетін дәріптеу болды.
Кеш барысында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары – Ерболсын Қасымбеков, Дидар Басықараев, Әсел Уашева, Әлібек Молдыбаев Абайдың «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ» әндерін шырқап, «Торжорға» күйі мен «Абайға арнау» музыкалық шығармаларын орындады. Ал «Желсіз түнде жарық Ай» әні саксофонда шеберлікпен орындалып, тыңдарманның ерекше ықыласына бөленді.
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері ұлы ақынның «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап», «Есіңде бар ма жас күнің» сынды жауһар жырларын тебірене оқып, шараға әдеби тыныс қосты. Шараға Ұлттық ұлан 5513 әскери бөлімінің сарбаздары да қатысып, Абай өлеңдерінен үзінділер оқыды.
Кеш соңында Абай атындағы орталық кітапхана қызметкерлері ұлы ойшылдың қара сөздерінен үзінділер ұсынып, тыңдарманды терең ойға жетеледі. Осылайша кеш рухани мазмұнмен түйінделіп, Абай мұрасының мәңгілік екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Aq jol-Aqparat.

Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




