Тексерудің ерекшелігі – офицерлерге қандай операцияны жоспарлау қажет болатыны соңына дейін белгісіз болғаны. Тапсырма Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлері штабының комиссиясы келгеннен кейін ғана берілді. Бұл жағдай оңтүстік офицерлерінен барынша ой икемділігін, ахуалды жылдам талдау қабілетін талап етті.
Әскерлерді басқару – ең алдымен нақты жоспарлау. Әскерлер практикалық әрекеттерге кіріспес бұрын, олардың іс-әрекетін мұқият ойластырып, жоспарлау қажет. Ол үшін барлық факторларды ескеру керек: жағдайды, өз бөлімшелерінің мүмкіндіктерін және шартты қарсыластың әлеуетін. Дәл осыны «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы штабының офицерлері шектеулі уақыт жағдайында орындауға тиіс болды.
Генерал-майор Ержан Ибраевтың – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының және оның бірінші орынбасары, штаб бастығының орынбасары полковник Нұрлан Карибаевтың басшылығымен офицерлер үйлесімді өзара іс қимылды көрсетті. Операцияны әзірлеу процесіне барлық негізгі қызметтер тартылды: артиллерия, барлау, инженерлік, топографиялық, тылдық және басқа да мамандар. Әрбір бөлім өзіне тиесілі міндетті сауатты орындап қана қоймай, оны операцияның жалпы тұжырымдамасымен сәйкестендіруі тиіс болды. Құрлық әскерлері штабының өкілдері барлық қызметтердің үйлесімді жұмысын атап өтті.
– Біздің офицерлер кешенді оперативтік тапсырманы әзірлеу және орындау үшін бар күш-жігерін салды. Мұнда әрбір басқарма басшысының кәсіби шеберлігі, команданың ұйымшылдығы және ең тиімді шешімдерді ұсынуға деген ұмтылыс маңызды рөл атқарды. Қазіргі уақытта «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы офицерлерінің бұл тапсырманы басқа өңірлік қолбасшылықтармен салыстырғанда қаншалықты табысты орындағанын айту ерте. Ұқсас тексерулер «Батыс», «Астана» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарында да өтеді. Тек барлық өңірлік қолбасшылықтар кешенді оперативтік тапсырмаларды орындап болғаннан кейін, Құрлық әскерлері штабы Бас қолбасшы, генерал-майор Мереке Көшекбаевтың жетекшілігімен қай өңірлік қолбасшылықтың даярлығы ең үздік екені анықталатын болады, – деді генерал-майор Ержан Ибраев.
Соған қарамастан, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының офицерлері өз тапсырмаларын лайықты деңгейде орындап шықты, сөйтіп Қазақстан армиясындағы оперативтік жоспарлаудың жоғары стандарттарын растады деуге толық негіз бар.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




