РХБҚ әскерлері ерекше мәнге ие: олар соғыс және бейбіт уақыттары атқарылуы тиіс барлық ортақ мәселелерді шешуге атсалысады. Олардың негізгі миссиясы – халықты жаппай қырып-жоятын қарудан қорғау және орын алған жағдайда салдарын жою. Бөлімшелер барлау, арнайы өңдеу, аэрозольге қарсы іс-қимыл және тіпті оқшашу операцияларын жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи техникамен жабдықталған.
РХБҚ әскерлерінің әскери қызметшілері тек әскери адам емес, сонымен қатар әмбебап мамандар – талдаушылар, химиктер, биологтар және инженерлер. Олардың жұмысы тек мінсіз әскери қызметті атқаруды ғана емес, сонымен қатар терең ғылыми білімді де қажет етеді. Басқа әскер түрлерінен басты айырмашылығы, мұндағы қателік жауынгерлердің өміріне ғана емес, мыңдаған бейбіт азаматтардың да өміріне қауіп төндіреді.
– Біздің сарбаз – бұл автоматы бар адам ғана емес, сонымен қатар бірнеше минут ішінде улы заттың түрін, радиациясын немесе биологиялық қауіп деңгейін бірден анықтай алатын жоғары білікті сарапшы, – дейді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің бастығы, полковник Таир Сағынғанов. – Мұнда тек батылдық жеткіліксіз, нақты есептеулер жасай алу, салқынқандылық таныту және техниканы толық білу қажет.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрылымында Тараздағы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаудың жеке батальоны ерекше орын алады. Оны маршал С.Тимошенко (Кострома, Ресей) атындағы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау Әскери академиясының түлегі, майор Бақытхан Жампозов басқарады.
Әскери жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Бақытхан Жампозов қызметін «Восток» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің құрамында взвод командирі болып бастады. Ол 2023 жылы Қазақстанның оңтүстігіне келіп, Тараздағы РХБҚ жеке батальонының штаб бастығы лауазымына орналасты. Өткен жылы осы әскери бөлімге командир болды.
РХБҚ батальонының мамандары өз дағдыларын нақты объектілерде – химиялық зауыттарда, зертханаларда және өнеркәсіптік аймақтарда жаппай қырып-жою қаруын қолдану немесе террористік актілер кезінде орын алатын апатты жағдайларға қатысу секілді сценарилерді орындай отырып шыңдайды.
– Біз нақты химиялық заттары бар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда жаттығулар өткіземіз, – дейді РХБҚ батальонының командирі майор Бақытхан Жампозов. – Мұнымыз абстрактілі дүние емес, жауынгерлік жағдайларға барынша жақын дүние. Осылайша улы ауа тараған жерде, соны жұқтырған адамдары бар аймақта жұмыс істеуді, техниканы сөндіруді, эвакуацияны ұйымдастыруды үйренеміз. Соның барлығы салмағы ондаған килограмм болатын толық жабдықты арнайы киімімізді үстімізге киіп жүргенімізде жүзеге асырылады.
РХБҚ жеке батальонының айрықша ерекшелігі – Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақтан шыққан техникалық әскерлердің тұңғыш генералы Шәкір Жексенбаевтың есімімен аталатындығында. Оның құрметіне батальон штабының қабырғасында ескерткіш тақта орнатылған, әскери қызметшілер ескерткіш белгіге гүл шоқтарын қойып, батырды еске алады. Батырдың мұрасы қазіргі қорғаушыларға олардың жұмысы тек әскери қызмет емес, құтқару миссиясы болып табылатындығын да еске салады. Қазіргі қауіп-қатерлер жағдайында – техногендік апаттардан бастап ықтимал әскери қақтығыстарға дейінгі аралықта РХБҚ әскерлерінің атқаратын рөлі күн санап артып келеді. Жалпыға жұмыстары біліне бермесе де, олар мыңдаған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысуда, көзге көрінбейтін, бірақ өлім құштыратын қауіп-қатерлерге қарсы тұруда.
– РХБҚ әскерлері – күш пен кәсібилік. Біздің мамандар дене шынықтыру және тактикалық дайындық бойынша қатаң талаптарға сай ғана емес, сонымен қатар жоғары мамандандырылған техниканы жетік меңгерген жауынгерлер, – дейді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің бастығы, полковник Таир Сағынғанов.
Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілерін Қазақстан армиясының элитасы деп атауға болады. Олардың бойларындағы қасиет интеллект, төзімділік және отқа түсуге әзір тұратын дайындықты біріктіреді. Өздері көзге көп көріне бермесе де, халықты жаппай қырып-жоятын қатерден қорғауда елдің алдында жүргендіктері баршаға аян.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




