Түрксіб пен Боранды стансалары жөндеуден өтеді
- author «Ақ жол»
- 5 тамыз, 2025
- 970
Мерекелік жиында «Қазақстан теміржолы – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалының директоры Айдын Сейтбенбетов теміржолшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. «Жұмысшы мамандықтары жылында» қарапайым еңбек иелерінің мәртебесін көтеруге мән беріліп жатқанын, бұл өз кезегінде жастардың жұмысшы мамандықтарға, оның ішінде теміржол саласына келуіне ықпал ететінін атап өтті.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек арнайы қатысып, адал еңбегімен өңірдің дамуына үлес қосып келе жатқан сала мамандарына «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалін тапсырды. Сондай ақ Жамбыл облысы әкімінің Құрмет граматолары мен Алғыс хаттарымен марапаттады.
Қанатбек Мәдібек өз сөзінде теміржолшылардың еліміздің көлік логистикалық әлеуетін дамытуға зор үлес қосып отырғанын айта келіп, биыл өңірде 5 бірдей вокзалдың күрделі жөндеуден өтетінін тілге тиек етті. «Соның ішінде Тұрар Рысқұловтай тұлғаның маңдайының тері сіңген Түркісіб пен Адамзаттың Айтматовы атанған жазушының табаны тиген Боранды станциясының қайта жаңғыртылуы үлкен қуаныш», – деді облыс әкімінің орынбасары.
«Құрметті теміржолшы», 3 дәрежелі «Теміржол даңқы» медальдары, «Адал еңбегі үшін», «Үздік жас маман», «Үздік вагоншы», «Үздік энергетик» сынды жоғары кәсіби біліктілігі үшін берілетін төсбелгілерді және «Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ Басқарма
Төрағасының Құрмет граматолары мен Алғыс хаттарын «Қазақстан теміржолы – Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалының директоры Айдын Сейтбенбетов, «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Мейрамбек Кенжебаев, Жамбыл жол бөлімшесінің қауіпсіздік бойынша бас ревизоры Медет Қолдасов, Теміржолшылар кәсіподағы Жамбыл филиалының төрағасы Ерболат Жидебаев тапсырды.
Сонымен қатар «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Мейрамбек Кенжебаев пен Жамбыл жол бөлімшесінің қауіпсіздік бойынша бас ревизоры Медет Қолдасовқа «Үздік еңбек адамы» төсбелгісі табыс етілді.
Биыл теміржолшылар кәсіподағы ұйымының құрылғанына 120 жыл толып отыр. Айтулы датаға орай кәсіподақ ұйымы теміржолшыларды «Теміржолшылар кәсіподағына – 120 жыл» төсбелгісімен марапаттады. «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» және «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалы басшылығының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары тапсырылған сала мамандарының қатары биыл былтырғыдан да көп болды.
Теміржолшылар күнінде саланың ардагерлері де ұмыт қалған жоқ. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бауыржан Найманбаев, тоқсан жастан асқан Абдуалы Данаев бастаған қарияларды мерекелік шараға арнайы шақырды. Төрге оздырып, құрмет көрсетті.
Салтанатты іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласып, киіз үйлерде теміржолшыларға арнап мерекелік дастарқан жайылды.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




