Сыпатай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гүлбану Абдықалыкова «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» атты кітап көрмесімен таныстырды. Кеш соңында Меркі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жанат Суюмкулова тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған кітапханалардағы іс-шаралар жөнінде айтты.
– Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханалары Конституцияның 30 жылдығын түрлі форматтағы іс-шаралармен атап өте отырып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруды мақсат етуде. Осы мақсаттағы мәдени көпшілік іс-шара, міне Ақжол ауылынан бастау алды. Конституция әрбір азаматтың өмір сүру, білім алу, еңбек ету, ар-ождан мен сөз бостандығына құқығын бекітіп қана қоймай, мемлекет пен қоғамның дамуына да бағыт береді. Бүгінде Қазақстан Республикасының Конституциясы – ел бірлігінің символы, тәуелсіздіктің тірегі. Қорыта айтқанда, Конституцияның 30 жылдығы – бұл тарихи оқиға ғана емес, елдің даму жолындағы жаңа кезеңнің бастауы. Ата Заңға деген құрмет – Отанды қастерлеу. Сондықтан әрбір қазақстандық Конституцияның мәнін терең түсініп, оның нормаларын орындауға үлес қосуы қажет. Осылайша біз әділетті, дамыған және біртұтас Қазақстанды бірге құра аламыз, – деді Жанат Батырбекқызы.
Патриоттық кештің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барлық қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.
Айман БҮРКІТБАЕВА
аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары.
Меркі ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Бас прокуратура Конституция жобасын талқылады
- 27 ақпан, 2026
Отбасы құндылығы – оңалтудың негізі
- 27 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




