1995 жылдың 30 тамызында Конституциялық референдум өтіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданғанына биыл 30 жыл толып отыр. Негізі еліміздің Ата Заңының тарихы 1993 жылдан бастау алады. Ел ішінде қауіпсіздік сақталып, ортақ тәртіппен мәдениет қалыптасу үшін және халықтың өмір сапасын жақсарту мақсатымен 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары Конституцияға өзгерістер енгізілді.
«Елімізде «Заң мен тәртіптің» қатаң сақталуына қоғам өкілдерінің қосар үлесі де орасан зор. Соңғы жылдары елімізде барлық салада ауқымды реформалар жасалып жатыр. Мемлекеттің саяси жүйесі мен экономикалық құрылымы түбегейлі жаңғыруда. Ел ішінде жоғары құқықтық мәдениет қалыптасып келеді.
Азаматтық жауапкершілік идеологиясы берік орныға бастады. Бұл – біздің стратегиялық бағдарымызға тән аса маңызды басымдық. Мемлекет құқық қорғау жүйесін жетілдіруге және барлық салада заң мен тәртіп орнатуға баса мән береді. Осы бағытта нақты нәтижеге қол жеткіздік» деген еді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекеттің әр азаматы қоғамының, Отанының алдындағы өз жауапкершілігін сезінсе, заң мен тәртіп те сақталады. Соның нәтижесінде бүкіл халықтың амандығы, тұтас елдің өркениеті түзелмек. Мемлекеттің Тәуелсіздігі – азаматтарының еркін өмір сүріп, жайлы тұрмыс кешуінің кепілі.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




