«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Биыл 3805 тұрғынды баспанамен қамту жоспарланған

Биыл 3805 тұрғынды баспанамен қамту жоспарланған
Автор
Халықты баспанамен қамтуда жыл сайын бюджеттен қомақты қаржы бөлініп келеді. Кезектегі тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету «Тұрғын үйкоммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде іске асырылуда. Тұжырымдама аясында биыл облыста 3 805 тұрғын баспаналы болмақ. Бұл туралы облыс әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаев айтты.

Басқарма басшысының сөзінше, бүгінде коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне 40 174 азамат тіркелген. Оның 30 045 азаматы әлеуметтік осал топтағы жандар. Биыл кезектегі азаматтарды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуге бюджеттен жалпы 36 миллиард теңге бөлінген. Аталған қаржыға 3 805 тұрғынға баспана беру жоспарланған болса, оның 1 865-і әлеуметтік осал топтағыларға берілмек.

– Атап айтсақ, 14,5 миллиард теңгеге 2 550 пәтерлі 52 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 2 390 пәтерге арналған 50 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Бүгінгі күнге бюджет қаражаты есебінен 420 пәтерлі 8 әлеуметтік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. 2020-2021 жылдары құрылыс жұмыстары басталып, тапсыру мерзімін бұзған проблемалық 1 040 пәтерлі 15 тұрғын үйдің мәселелері шешілген. Тек бір проблемалық нысан – «Вилена» ЖШС-не қатысты сот шешімімен келісім шарт бұзылды. Нысан құрылысын жаңа мердігер жалғастырады. Сондай-ақ биыл халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үйді сатып алуға республикалық бюджеттен 21,5 миллиард теңге бөлінді. Аталған қаржыға жоспар бойынша 1415 пәтер сатып алу көзделген. Бүгінгі күнге республикалық бюджет есебінен 50 пәтер сатып алынса, 48 пәтер сатып алу конкурсында қаралуда. Бұдан бөлек, 1 127 пәтердің құрылысы жүргізілуде. Қалған 190 пәтердің құрылысы кезегін күтуде, – дейді Ерлан Орынбаев.

Бұдан бөлек, облыста жеке тұрғын үй салу үшін жерге 206 941 азамат кезекке тіркелген. Соған сәйкес, бюджет қаражаты есебінен 61 инженерлік инфрақұрылым жобаларының құрылысына 7 949,1 миллиард теңге қаражат қаралып, бүгінгі күнге 12 инженерлік инфрақұрылым желілерінің құрылысы аяқталған.

– Атап айтқанда, тұрғын үй құрылысы үшін Тараз-Асқаров, Хамукат, Қарасу-Құмшағал, ҚордайАухатты, Меркі-Мыңқазан секілді жаңа алқаптарда 9 инфрақұрылымдық жобаның құрылысы жүргізілуде. 5 кеңейту жұмыстарына 500 миллион теңге қаражат бөлінді. Мамыр айының қорытындысымен «Ұлы дала» шағынауданындағы бір жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталады. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақты дамыту мақсатында Тараз индустриалдық аймағында 5 жоба және Талас субаймағында 6 жоба жүргізілуде. Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында екі мектептің инженерлік-коммуникациялық жұмыстарының құрылысы іске асуда, – дейді Ерлан Құрмантайұлы.

Басқарма басшысының сөзінше, бұдан бөлек өңірде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне 26 инженерлік инфрақұрылым желілерінің құрылысына өтінім ұсынылып, қолдау тапқан.

 

Нұрболат АМАНБЕК

Ұқсас жаңалықтар