Аудан орынбасарының сөзінше, аумақта 41 елді мекеннің 36-сы газбен қамтылған. Ал «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауылдық елді мекендердің даму әлеуетін арттырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 12 жоба жүргізілуде.
– Атап айтқанда, Қақпатас ауылында жаңа мәдениет үйінің құрылысы жүргізіліп, Үлкен Сұлутөр ауылында заманауи спорт кешені бой көтеруде. Сонымен бірге Сортөбе ауылында бір ауысымда 200 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы емхана салынып жатыр. Биыл жыл басынан бері Үлкен-Сұлутөр ауылында дәрігерлік амбулатория, Сарыбұлақ, Еңбек, Бәйтерек ауылдарында жаңа су құбыры қолданысқа берілді. Сәуір айында Керу ауылына газ құбырының құрылысы аяқталып, тұрғын үйлерге қосылды. Ал Бел, Мұзбел, Аңырақай, Бәйтерек ауылдарының ауылішілік газ құбыры құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, энергетика басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды, – дейді Дамира Сүгірбай.
Сонымен қатар ауданда Гвардейск қалашығының инженерлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 6 жоба қолға алынған. Бұл бағытта жаңа қазандық салу мен жылу желілерін ауыстыру, сумен жабдықтау желілерін қайта құру, газбен жабдықтау, теміржол арқылы өтетін көпір салу және кәріз тазарту құрылымдарын қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Аталған алты жобаның жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін мемлекет тарапынан 242,6 миллион теңге бөлінген.
Сонымен қатар ауданда Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін елді мекендерді 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту тапсырмасы бойынша аудан әкімдігі тарапынан 8,6 миллиард теңгеге 10 ауыз су желілерінің құрылыстары аяқталған.
– Бүгінгі күнге Шарбақты, Күнбатыс-2, Алға және Гвардейск елді мекендерінде су құбырының құрылыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Қарасай батыр, Қызылсай, Керу, Көктөбе, Сұлутөр, Үлкен Сұлутөр, Кенен, Бел, Жаңатұрмыс, Күнбатыс-1 секілді он елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін келісімшарттар жасалды, – дейді Дамира Маратқызы.
Аудан әкімі орынбасарының сөзінше, бүгінде ауданда жалпы ұзындығы 24,7 шақырымды құрайтын 42 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Нұрболат АМАНБЕК
Қордай ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Әлемдік трансформация көлеңкесіндегі Қазақстан экономикасының болашағы
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




