Әскери медицина – бұл істегі кәсіпқойлық пен бұйрықтың сөзсіз орындалуы сәйкестене үйлесетін ерекше сала. Азаматтық медицинадан айырмашылығы, әскери дәрігерлер тек әскери киім киіп қана қоймайды, сонымен қатар олар кез келген уақытта кез келген аймаққа, соның ішінде «ыстық нүктелерге» бара алады, сондай-ақ төтенше жағдайларда өмірді сақтап қалу үшін бәріне дайын тұрады. Олардың басты айырмашылығы мен миссиясы осында жатыр.
Оңтүстік өңірлік әскери қызметшілері үшін негізгі медициналық мекеме Тараз қаласының әскери госпиталі болып табылады. Мұнда әскерилерге бейбіт уақытта да, болмаса соғыс жағдайында да қажетті медициналық көмек көрсетіледі.
– Біздің госпиталь әрқашан толық жауынгерлік дайындық режимінде жұмыс істейді, – дейді Тараз әскери госпиталінің бастығы, медициналық қызмет подполковнигі Рафик Гусейнов.
– Біз әскери операцияларды медициналық сүйемелдеумен қамтамасыз етуге, шұғыл эвакуацияларды жүргізуге, уақыт пен ресурстар тапшылығы жағдайында жұмыс істеуге әрқашан дайынбыз. Мұны әрбір маманымыз жақсы түсінеді, бұйрықтың аты бұйрық, алыс гарнизонға бару қажет пе, барады немесе арнайы операция аймағына бару қажет пе, барады. Әскери медицинаның ерекшелігі осы. Әскери госпиталь бастығы, подполковник Гусейновқа әскери дәрігерлердің жоғары дайындығы мен әскери медицинаның ерекшелігі туралы мәселеде әріптестерімен тең дәрежеде сөйлесуге оның әскери қызметтегі үлкен тәжірибесі мүмкіндік береді. 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын бітіріп, аудандық ауруханада екі жыл жұмыс істегеннен кейін ол Қарулы Күштер қатарына шақырылды, содан бері армиямен бірге. Оның өмір жолын Өскемен, Аягөз, Үшарал, Қарағанды, Гвардейск гарнизондарындағы әскери лазареттермен госпитальдарды басқарған басшылық лауазымдық қызметі, Санкт-Петербург қаласындағы әскери-медициналық академияда білім алған жылдары, сондайақ әскери дәрігерлермен бірге медициналық көмек көрсету бойынша түрлі жаттығуларға қатысқан шағы айшықтайды. Әскери медицина әскер сапының соғысқа қабілеттілігін сақтауға бағытталған. Табыстың басты критерийі – жаралыларды тез арада сапқа қайтадан тұрғызу болып саналады. Көбінесе әскери дәрігерлер төтенше жағдайларда жұмыс істеуге мәжбүр болады, соған сәйкес көп жағдайда тактикалық қажеттілік негізіндегі шешімдерді қабылдауымызға тура келеді,– дейді Рафик Гусейнов.
Оқусыз, жаттығуларсыз, біліктілікті, дағдыларды үнемі жетілдірусіз әскери дәрігерлердің жұмысын елестету мүмкін емес. Өйткені, олардың іс-әрекеттеріне адамның денсаулығы ғана емес, өмірі де байланған.
Тараз госпиталіндегі әскери дәрігерлерінің тәжірибесі мол. Олардың қатысуымен еліміздің әртүрлі полигондарында модульдік әскери-далалық госпитальдың жұмыс істегендігі, далалық жағдайда әскери қызметшілерге көрсетілген медициналық көмектері сөзімізді растайды. Бұл кез келген жағдайда, тіпті майдан даласында, оқ астында бабалар аманатын арқалай жүріп өз кәсіби міндеттерін адал орындауға дайын тұратын дәрігерлер. Сондықтан әскери медицина төтенше жағдайларда тартынып қалмайтын, ал іске келгенде нағыз ұйымшылдықтың үдесінен шыға білуі тиіс. Ал әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтай отырып Отан қорғаушылардың саптан шығып қалмауын қамтамасыз ету олардың басты мақсаты болып қала береді.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




