Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің қорытындысы жарияланды
- author «Ақ жол»
- 29 шілде, 2025
- 1.2k
Тестілеу басталғалы 22 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін КТ тапсырды. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 50%-ы, бейінді бағыт бойынша 22%-ы шекті балл жинады. Ғылыми- педагогикалық бағыт бойынша орташа көрсеткіш 77 балды, бейінді бағыт бойынша 24 балл болды. Ең жоғары балл – 139.
Тестілеу басталғалы 54 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 32 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 21 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Тестілеуге кіргізу барысында 1 бөгде адамның тестілеуге кіру әрекеті анықталды.
Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда онлайн-апелляцияға беру мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде оқуға түсуші бірден апелляцияға өтініш бере алады. Апелляция жеті жұмыс күні ішінде қаралады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет.
Естеріңізге сала кетсек, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 51 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Магистратурада оқуға 13 мыңнан астам грант бөлінді. Биыл магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 21 шілдеде басталды және 7 тамызға дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
Референдумға түсетін жаңа Конституцияның жобасы жарияланды
- 12 ақпан, 2026
Президент газет оқымайтын мемлекеттік қызметкерлерді сынады
- 10 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




