Жалпы айта кетуіміз керек, наркескен қылыш бұрынғы жаугершілік заманда қазақ батырлары асынған бе с қарудың бірі. Ол бір жүзді, екі жүзді, тура пішінді, имек пішінді болып бірнеше түрге бөлінеді.
Музейде сақталған бір жүзді наркескен. Оны аталған мекемеге Қаратау қаласының тұрғыны Дүйсен Бүркітбай деген азамат 2000 жылдары өткізген екен. Бұл наркескенді әсіресе мектеп оқушылары, ұл балалар көбірек тамашалайды екен.
«Наркескен қылышты бағалы жәдігердің қатарына қосамыз. Музейді тамашалаушылардың да көзіне бірден түседі. Ер жігітке кешегі бабалардың ерлігін еске салатын құнды дүние. Намысымыз секілді наркескен», – дейді аталған музейдің директоры Ербол Қашаған.
Талас аудандық музейдің тағы бір жәдігері көне – үтік. 1870 жылғы үтіктің қазіргі таңда бұйым ретінде емес, тарих ретінде маңызы ерекше. 155 жыл тарихы бар зат құндылық екені анық. Бұл затты 2003 жылы Ақкөл ауылының тұрғыны Бейсен Рахымбердиев деген кісі өткізген.
«Әр көне заттың тұратын өз орны болады. Бұл үтіктің тұратын жері осы музей деп есептедім. Шоқпен қыздырылып үтіктеледі. Тарихтың тамшыдай бір бөлшегі», – дейді Талас ауданының Құрметті азаматы, музей жанашыры болып жүрген ақсақал Бейсен Рахымбердиев.
Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ
Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




