Шараның мақсаты – ономастика саласындағы өзекті мәселелерді, соның ішінде елді мекендер мен көшелерге атау беру, тарихи тұлғалардың есімдерін ұлықтау ісіне қатысты заң талаптарын халыққа түсіндіру.
Кездесу барысында басқарманың бас маманы Ақтолқын Исқалиева «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен баяндап, ономастика саласындағы заңнама талаптарын нақты мысалдармен түсіндірді. Іс-шараға 25 адам қатысып, белсенді пікір алмасты.
Тұрғындар тарапынан Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімін көшелерге беру туралы ұсыныстар айтылып, мамандар тарапынан заң аясында нақты әрі толық жауаптар берілді. Кездесу бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтуға, сондай-ақ этностар арасындағы бірлікті арттыруға бағытталған маңызды диалог алаңына ұласты.
Aq jol – Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




