«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

1 тамыз бен 20 қазан аралығында елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді, үй шаруашылықтарын алдын ала аралау аяқталды

1 тамыз бен 20 қазан аралығында елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді, үй шаруашылықтарын алдын ала аралау аяқталды
Ашық дереккөз
Тәуелсіз Қазақстанның тарихы туралы айтатын болсақ, 2006-2007 жылдардағы алғашқы ауыл шаруашылығы санағы өтті.

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының (БҰҰ ФАО) халықаралық ұсыныстарына сәйкес, ауыл шаруашылығы санағы әр бес-он жыл сайын жүргізілуі керек. Бірақ Қазақстанда санақтың бұл түрі 2006-2007 жылдары ғана жүргізілді. Содан бері үлкен үзіліс болды. Ол кезде ауыл шаруашылық санағы екі кезеңде жүргізілді – өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы. 2025 жылы барлығы бір мезетте өтеді.

Ауыл шаруашылығы санағы – бұл еліміздің аграрлық секторының құрылымы, ресурстары мен жай-күйі туралы өзекті әрі сенімді деректерді алуға мүмкіндік беретін ауқымды статистикалық байқау. Санақ деректері тиімді мемлекеттік саясат құру, ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық міндеттемелерді орындау үшін қажет. Санақ жүргізу және оның мерзімдері туралы шешімді Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылдады. Оны өткізу мерзімі ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымдылығын және ауыл шаруашылығы жылының қорытындылары бойынша өзекті деректерді алу қажеттілігін ескере отырып таңдалған.

Ауыл шаруашылығы санағына кімдер қатысады, біріншіден, бұл – мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және балық шаруашылығы салаларында ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғандағы, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер. Екіншіден, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелері бар және мал ұстайтын үй шаруашылықтары. Ашып айтқанда, бұл бақшасы бар, өздері үшін төрт түлік ұстайтын, құс өсіретіндер және тағы басқа.

Негізгі кезеңдер Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Сырым Мадиев мәлімдегендей, Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында онлайн және оффлайн этаптарында өтеді. Алдымен 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz. сайтында онлайн-сауалнама жүргізіледі.

Бүгінде сайт санақ жұмысымен танысу үшін жұмыс істеп тұр. Заңды тұлғалар, фермерлер, үй шаруашылықтары – барлығы порталдағы санақ парақтарын қашықтан өз бетінше толтыра алады. Бұл әдіс өте ыңғайлы, сонымен қатар деректерді жинаудың тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сайтқа кірген сәтте респонденттер жүйеге тіркеліп, ЭЦҚ, QR-код немесе СМС арқылы авторизациядан өтуі қажет. Сауалнама парағына кірген кезде кейбір жолдарда мемлекеттік органдардың деректер базасында бар көрсеткіштер көрсетіледі.

Респондент көрсетілген көрсеткіштерді сол күйі қалдыра алады немесе оларды өзектендіре алады. Респондент толтырылған деректерін сақтап қойып, үзілістен кейін сол сауалнаманы толтыруын жалғастыра алатынын ескертеміз. Сауалнамадан өткеннен кейін респондент электрондық поштаға санақтан өткені туралы хабарлама алады. Санақтан онлайн түрде өтуді ыңғайлы қылу үшін жергілікті әкімдіктер мен аудандық статистика бөлімшелерінің ғимараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ұйымдастырылады.

ЖШС, Жеке кәсіпкерлермен шаруа-фермер қожалықтары сияқты шаруашылықтың барлық ұйымдастырылған нысандары сауалнамадан сайтта өз бетінше өтуі тиіс екенін ескертемін. Қызметі мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы немесе балық шаруашылығымен байланысы бар өндірушілер санаққа қатысуға міндетті.

Егер респонденттің сауалнама парағын толтыру кезінде қандай да сұрақтары туындаса, арнайы дайындалған жасанды интеллект арқылы жауап беретін SanaqMyrza виртуалды көмекшісіне жүгіне алады. Сондай-ақ 1446 нөмірі бойынша бюроның байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңыраулар сағат 9:00-ден 18:30- ға дейін, ал онлайн-сауалнама басталған кезеңде – тәулік бойы, аптасына жеті күн қабылданады. Екінші кезең – интервьюерлердің үй шаруашылықтарын жеке-жеке аралауы 2025 жылдың 20 қыркүйегі мен 20 қазаны аралығында өтеді деп сөзін жалғастырды Сырым Мадиев.

Арада қалдырылған қосымша 20 күн сауалнаманы өз бетінше аяқтағандарды ескере отырып, үй шаруашылықтарының тізімдерін қалыптастыру үшін қажет. Осылайша, санақ респонденттердің барлық санаттарын қамтиды және ақпарат жинаудың барынша толықтығы мен сенімділігін қамтамасыз етеді. Санақ барысында облысымызда барлығы 129 мыңға жуық үй шаруашылығын және 34 мыңға ауыл шаруашылығы өндірушілерін қамту жоспарланған.

Санақ қызметкерлері барлық респондентті қамтуға міндетті. Біздің сұхбат берушілердің атрибуттарыбейсболка, жамылғы, ауыл шаруашылық санағының символикасы бар портфель, планшет және QR коды бар куәлік. Біз азаматтарды санаққа саналы түрде қатысуға шақырамыз, өйткені бұл жай статистикалық шара емес, барлық азаматтарды қамтитын мемлекеттік маңызы бар іс.

Өкінішке қарай, бұл зерттеудің маңыздылығын бәрі бірдей түсіне бермейді, халықтың мұндай есепке алудан қорқынышы бар. Қандай да бір себептермен, кейбіреулер бұл мәліметтер салық органына немесе басқа бақылаушы органға кетеді деп санайды. Есепке алу басқа мақсатта, атап айтқанда анықтау үшін жүргізіледі.

Ұлттық статистика бюросы алынған деректердің құпиялығына және оларды қатаң статистикалық мақсаттарда пайдалануға кепілдік беретінін атап өткім келеді. Деректер респонденттің бастапқы деректерін ашпай-ақ, жиынтық түрде өңделеді және жарияланады. Бюро деректерді салық немесе басқа мемлекеттік органдарға берілмейді деп растайды.

 

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және Реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша Департаменті.

Ұқсас жаңалықтар