Жамбыл облысында салық органының қызметкері жауапқа тартылды
- author «Ақ жол»
- 28 шілде, 2025
- 976
Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасы мәлімдеді.
"Байзақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы өнімді тиісті рұқсатсыз сатқаны үшін жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған. Бұдан әрі, Байзақ аудандық сотының 2025 жылғы 16 сәуірдегі қаулысымен кәсіпкер ӘҚБтК-тің 463-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 98 300 теңге айыппұл салынған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі зерделеу барысында тексеру заңсыз жүргізілгені, яғни Басқарма кәсіпкердің қызметін тексеру туралы нұсқаманы бермегені анықталды. Кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында аудан прокуратурасы 2025 жылғы 28 мамырда сот шешіміне апелляциялық өтінішхат берді. 2025 жылғы 5 маусымда Жамбыл облыстық сотының апелляциялық алқасы аудандық соттың жоғарыда көрсетілген қаулысының күшін жойды. Сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібін бұзғаны үшін аудан прокурорының қаулысымен Басқарма бөлімінің басшысы ӘҚБтК-тің 175-бабы 2-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды",– делінген ресми хабарламада.
Жамбыл облысының прокуратурасы кәсіпкерлер мен инвесторлардың өтініштеріне жедел ден қою үшін облыс прокуратурасында Фронт-офис құрылғанын, сондай-ақ мобильді топ тәулік бойы жұмыс істейтінін еске салады. Байланыс телефоны: +7 775 891 25 52
Ұқсас жаңалықтар
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Жамбылда 10 мыңға жуық тұрғын құқықтық кеңес алды
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




