Мәселен, үлкен форматты камера 1962 жылы жасалған. Яғни, 63 жылдық тарихы бар. Харьков фото зауытында өндірілген бұл затты 1987-1995 жылдары Сарыкемер ауылының тұрғыны Мәселбек Құлжанбеков пайдаланған. 1996 жылы Мәселбек Құлжанбеков бұл үлкен форматтағы камераны аудандық мұражайға табыстапты. Шамасы оның тарихи мәні бар зат екенін түсінген болуы керек. Кеңес одағы кезеңінде сыйлыққа кітап беру үлкен үрдіске айналған ғой.
Сәл кейінірек адамның бейнесін салып тоқылған кілемшелер сыйға беріле бастапты. Екі рет Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың бейнесі бейнеленген кілемшені Мойынқұм аудандық партия комитеті Байзақ ауданының 50 жылдығына орай Байзақ аудандық партия комитетіне табыс еткен.
Бұл шамамен 1978 жылдарға келеді. Яғни, бұл жәдігердің де жасалғанына 46 жыл толып отыр. Сол уақытпен өлшегенде мұндай кілемше сыйлау ең бағалы сыйлық саналған. Әйтпесе, үлкен ауданның жарты ғасырлық торқалы тойына басқа да тартулар жасауға болатын еді. Сондықтан байзақтықтар үшін бұл кілемшенің маңызы бөлек, қастерлі дүние. Мәселен, шырағдан күйдірілген қыштан жасалған. Домалақ пішінді.
Мұражайға Сарыкемер мектеп-гимназиясының оқушысы Нұрбол Абдалиев табыстапты.
«Музейдің алты көрнекті залы, ашық аспан көрмесі бар. Мекеме басшысы Артық Үкібаев та жәдігерлер ісіне сергек қарайды. Сондықтан бағалы жәдігер әкеліп тапсырамын деген кісілерге музейдің есігі әрқашан ашық», – дейді аталған музейдің қызметкері Айдана Шотбасова.
Есет ДОСАЛЫ
Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




