Т.Рысқұлов ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтті
- author «Ақ жол»
- 23 шілде, 2025
- 859
2021 жылдың қаңтарында құрылған тұрғын үй кеңесінің шешімімен жобаның мердігері ретінде «BATConsalt» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі анықталып, 2024 жылдың 15 шілдесінде үшжақты келісімшарт жасалды.
Жоба аясында төрт көпқабатты тұрғын үйдің жертөле бөліктері тазартылып, әктеу және дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді, тас төселіп, жарық шамдары орнатылды. Сонымен қатар, барлық үйдің ыстық және суық су жүйелері толығымен жаңартылып, заманауи стандарттарға сәйкестендірілді.
Ең бастысы — тұрғын үйлердің ішкі жылу жүйелері толығымен ауыстырылып, орталық жылу жүйесіне қосылды. Бұл шешім тұрғындардың өмір сүру жағдайын едәуір жақсартып, қыс маусымындағы жылумен қамту мәселесін түбегейлі шешуге мүмкіндік береді.

Аталған жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен «Облыстық бюджеттерге кредит беру, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу» бағдарламасы аясында 185,7 млн теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлінген болатын.
Жалпы биыл Жамбыл облысында бюджет қаражаты есебінен 2030 пәтерлі 44 тұрғын үй, жеке қаражат есебінен 760 пәтерлі 19 тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Бұдан бөлек, көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік-осал топтары үшін 4,9 млрд. теңгеге 361 пәтер сатып алынады.
«Әулиеата жастары» жобасы аясында 150 жас отбасын баспанамен қамту жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




