
Біз бөлімге кіріп барғанда оның қолынан шыққан бірнеше туынды төрде ілініп тұрды. Дәрігер өзінің бұл қырын ұяла-ұяла жеткізді. Кішкентай қызы көркем сурет үйірмесіне қатысады екен. Жұмыстан шаршап барған ол миын тынықтыру үшін сурет салады. Бүгінде бұл әдіс ауыр науқастармен алысып, үйге шаршап барғанда өзін тынықтыруға арналған терапия көрінеді. Кейіпкеріміз әңгіме арасында сурет салғанда шаршағаны басылып, ерекше күйге түсетінін сөз етті.
Әсел Асанқызы 1980 жылы дүниеге келген. Осы салада қызмет атқарып жүргеніне 15 жыл болыпты. Эндокринологиялық бөлімге облыстағы бүкіл елді мекеннен келген науқастар жатқызылады. Оның айтуынша, шынтақ пен қолтық қарая бастаса, тез арада анализ тапсырып, дәрігерлік кеңес алу керек.
– Суретшілік – ол менің екінші қырым. Портреттер, жануарлар, адам бейнелерін салғанды жақсы көремін. Миым демалады. Ал дәрігерлік менің негізгі кәсібім. Жалпы, жұртшылыққа қалқанша безімен көбіне кімдер ауыратыны таңсық болуы мүмкін. Сондықтан осы дерт төңірегіне тоқтала кеткенім жөн деп ойлаймын. Негізінде қалқанша безі ауруының қай түріне болса да көбіне әйел адамдар шалдығады. Себебі нәзікжандыларда климакстың алды және климакстан кейінгі кезең болады. Жүктілік кезі, босану және бала емізетін кезеңдер бар. Осының барлығы гормондарға әсер етеді. Медицинада оны үйлесімділіктің бұзылуы (дисгормония), теңгерімсіздік (дисбаланс) деп айтып жатады. Сонымен қатар жасөспірім балалар жиі ауырады. Өйткені жүктілік кезінде ақауы бар анадан туылатын бала көбіне осы ауруға шалдығады. 70 жастан асқан кісілер де қалқанша безінің ауруларына жиі душар болып жатады. Олардың сүйектеріндегі кальцийдің мөлшері мен гормондардың жұмысы азаяды. Үлкен кісілер тісі жоқ болғаннан кейін құрамында йоды бар тағамдарды көп жей алмайды. Микроэлементтер бұрынғыдай сіңбейді. Сол себептен әйел адамдар мен үлкен кісілер көп ауырады, – деді Әсел Асанқызы.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Ана мен баланың амандығы – басты құндылық
- 22 шілде, 2025
Эндометриозды емдеудің жолы қандай?
- 22 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді