Сарысу аудандық тарихи-өлкетану музейінде танымал тұлғаның талай жыл өз қолымен басып жұмыс істеген жазу машинкасы сақтаулы. Жалпы, машинканың соңғы рет қолданылғанына 35-40 жылдың көлемі болған. Ал аталған машинка есімі елге белгілі тұлға Балтабай Адамбаевтың өзі пайдалануымен бағалы болып тұр.
Жәдігерді әдебиетші ғалымның жұбайы Жаңылхан Адамбаева 2001 жылы аталған аудандағы Балтабай Адамбаев мектебіне өткізген. Ал, 2006 жылы аталған мектеп әкімшілігі және Адамбаевтар әулеті бұл машинканың аудандық тарихи-өлкетану музейінде тұрғаны дұрыс деген шешімге келген. Сол жылдан бері жазу машинкасы аудандық музейдің құнды жәдігеріне айналып отыр. Бұл туралы аталған музейдің директоры Эльмира Көкішеваның айтары бар.
«Әрине, біз үшін музейдегі барлық зат құнды. Бәрінің өзіндік құны мен тарихы бар. Ал Адамбаев ақсақалдың машинкасы өте ерекше. Тоқпен істейді. Онымен танымал зерттеушінің өзі жұмыс істеген. Бәлкім, біздің музейімізде тұрған «Жауынгер» атты майдан тақырыбынан жазылған кітабын осы машинкамен жазған болар. Қалай болғанда да ел басына күн туғанда Отан үшін от кешкен, бейбіт күнде қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлесін қосқан жерлесіміздің мұрасы асыл тастай бағалы», – дейді ол.
Кешегі жылдар – бүгінгі тарих. Тарихқа айналып бара жатқан жазу машинкалары жас буын үшін әсерлі. Балтабай Адамбаев қолданған жазу машинкасын тамашалайтын жастар мен мектеп оқушылары аз емес.
Есет ДОСАЛЫ
Сарысу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




