
Саладағы атқарылған жұмыстарға облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы Тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялар және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дәулет Дайрабаев кеңінен тоқталды.
– Облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне 40174 азамат тіркелген. Оның 30045 азаматы әлеуметтік осал топтағы азаматтар. 2024 жылы облыс аумағында 759 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 104,5 пайызға артты. 2025 жылы пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемін 100,8 пайызға орындап, 765,0 мың шаршы метрге жеткізу жоспарлануда. Осының 33 пайызын бюджет қаражаты есебінен, 67 пайызын жеке меншік қаражаты есебінен орындап, аталған межеге қол жеткізу күтілуде. 2025 жылы кезекте тұрған азаматтарды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуге бюджеттен 36 миллиард теңге бөлініп, нәтижесінде 3445 тұрғын баспаналы болады. Оның ішіндегі 1505 тұрғын әлеуметтік осал топтағылар. Сонымен қатар биылғы жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 21,5 миллиард теңге бөлініп отыр. Бөлінген қаржыға жоспар бойынша 1415 пәтер сатып алынады, – деді Дәулет Анабекұлы.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді