Т. Рысқұлов
Аудандық Мәдениет үйінде ауданның бас имамы Сұлтаншәріп қажы Жадыраевтың ұйытқы болуымен Мәуліт кеші болып өтті. Сұлтаншәріп қажы өткен жазда Иманғали, Сұлтан есімді бауырларының қайырымдылық көмегіне сүйеніп, орталық мешітті 19 миллион теңге қаражатқа күрделі жөндеуден өткізді. «Көне Құланды қазір мешіттің көк күмбезі көріктендіріп, алыстан көз тартады. Намазхандарымыздың табаны жылып, бес уақыт намазға деген ықыласы арта түсті», – деді жиында сөз алған зейнеткер Әбілдә Мейірханов. «Шаңырақ» мейрамханасында Пайғамбарымыздың рухына бағышталып Құран оқылып, ас берілді.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтті
- 25 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




