Таразда Сот сараптамалары институтының жаңа ғимараты ашылды
- author «Ақ жол»
- 18 шілде, 2025
- 1.0k
Институт 1952 жылдан бері сот-медициналық сараптама қызметін көрсетіп келеді. Ал 1992 жылдан бастап сот сараптамасының өзге де бағыттары жүйелі дамып, 2017 жылы бірыңғай Сот сараптамалары институты ретінде қайта құрылған. Қазіргі таңда мекеме 24 түрлі сараптама және 42 мамандық бойынша қызмет көрсетеді.
Бұған дейін институт екі бөлек ғимаратта жұмыс істеп келген. Жаңа нысан — осы қызметтің сапасын арттырып, заманауи стандарттарға сай жағдай жасау мақсатында пайдалануға беріліп отыр.
Салтанатты рәсімде Тараз қаласының әкімі Бақытжан Әмірбекұлы Орынбеков сөз сөйлеп, бұл оқиғаның өңір үшін маңызын атап өтті.
— «Сот сараптамасы — құқықтық жүйенің маңызды бөлігі. Бұл бағыттағы сапалы жұмыс — әділ сот төрелігінің кепілі. Жаңа ғимарат – осы жолдағы маңызды қадам. Мұнда сарапшыларға қолайлы жағдай жасалған», – деді қала басшысы.

Сондай-ақ, Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов пен Сараптамалық қызметті ұйымдастыру департаментінің басшысы Алан Тленчиев құттықтау сөз сөйлеп, жаңа нысанның институт жұмысын жаңа деңгейге шығаратынын атап өтті.
Рәсім аясында қызыл лента қиылып, қатысушылар ғимарат ішін аралап көрді. Сараптамалық зертханалар мен жұмыс кабинеттері таныстырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




