Экологиялық білім мен тапқырлық сыналатын «Табиғат білгіштері» атты викториналық ойын барысында қатысушылар «Жасыл әлем», «Табиғат сақшылары» және «Eco-Шаңырақ» атты үш топқа бөлінді.
Әр топ өз ұранымен таныстырылып, бір-бірінен оза шауып, табиғат туралы мақалмәтелдердің жалғасын тауып, жұмбақтардың шешуін тапты. Балалар тек білім жағынан емес, спорттық белсенділік арқылы да сынға түсіп, табиғатты қорғауға арналған суреттер салып, оларды әсерлі түрде қорғап шықты.
Іс-шара соңында кітапханашылар экология тақырыбына арналған жаңа кітаптар мен журналдарды таныстырып, балаларды кітап оқуға ынталандырды. Белсенділік танытқан бүлдіршіндер алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Бұл күн жас оқырмандар үшін әрі көңілді, әрі танымдық мәні зор сәттерге толы болды.
Aq jol-Аqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




